Previous Page  447 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 447 / 462 Next Page
Page Background

(

447

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

яки нәжіс атаулы сол жердің шайтан мен пасық жындардың ордасына

айналуына себепші болады.

Сондай-ақ мұсылман баласының қоршаған ортасы да кіршіксіз таза

болуға тиіс. Ол ортада кісіні беймаза етер жағымсыз іс-әрекеттерге,

көріністерге жол берілмейді. Мысалы, мұсылман жүргінші жолына

түкіру тәрізді жағымсыз, теріс қылық жасамайды. Керісінше жүргінші

жолынан ары-бері өтіп жатқан адамдарға залалы тиеді-ау деп ойлаған

нәрсесін жол бойынан алып тастауды имандылықтың белгісі деп

ұғынады.

Ұзын сөздің қысқасы мұсылман баласының күллі болмысы таза бола-

ды. Айта кетер тағыбіржайт, материалдық тазалықтың рухани тазалыққа

тигезер пайдасы орасан зор. Бұл жайлы көптеген ғұламалар, адам жан

сарайының тазарып, ізгі істер іске асыруға деген құштарлығына, әрі

жүректің ихсан мәртебесіне жетуіне материалдық тазалықтың тигізер

көмегін ерекше атап өткен.

Ал сыпайылыққа келер болсақ, ол да мұсылман баласының айрыл-

мас серігі екендігі даусыз. Ал сыпайылық пен биязылықта өнеге алар

тұлғамыз сыпайылықтың асқар шыңына байрақ тіккен Пайғамбарымыз

(с.а.у.) болып табылады.

Мұсылман, адамзат баласының жағымды әрі жақсы деп бағалайтын

барша сыпайылық қағидаларына әрқашан ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бұл

қағидалар қарапайым формалар болып көрінгенімен түптеп келгенде

адамның болмысын қалыптастырады.

Иә, сыпайылық қағидалары әуелі кез келген жанның жан сарайы-

нан орын алып, өз қызметін атқара бастайды. Тек бір тұлғаға ғана емес

сыпайылық қағидаларының қоғамға тигізер пайдасы да мол. Міне осы-

лайша тәртіпті, жүйелі, әрі молшылыққа негізделген ғұмыр дүниеге

келеді.

Бұл қағидалардың кейбіреуіне тоқталып өтелік.

Мұсылман өзге біреудің үйіне, яки мәжіліске кіруден алдын рұқсат

сұрайды.

Хақ Тағала Құран Кәрімде бұл жайлы:

«Уа, иман келтіргендер!

Өз үйлеріңнен бөгде үйге рұқсат сұрамайынша әрі үй иесіне сәлем

бермейінше кірмеңдер! Бұл сендер үшін қайырлы.

(Аллаһ Тағала бұл

насихат арқылы әдептілікті тәлім етуде),

әрине түсінерсіңдер! Егер

бөгде үйлерде ешкімді таппасаңдар, сендерге рұқсат берілмейінше

(ішке)

кірмеңдер! Егер сендерге: «Қайтыңдар!» - деп айтылса дереу

қайтыңдар! Бұл сендер үшін

(Аллаһ Тағала құзырында)

қайырлы.

Аллаһ Тағала барша іс-әрекеттеріңді толық біледі»

, - дейді.