Previous Page  452 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 452 / 462 Next Page
Page Background

(

452

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) киімінде жағымсыз иістердің болуын жаны

сүймейтін. Бір жолы үстіне киген шапанынан жүннің иісін сезген бетте-

ақ шапанды шешіп тастады. Бұл оқиғаны баяндаған Айша анамыз (р.а.)

Пайғамбарымыздың хош иістерді жақсы көргендігін бізге жеткізеді

(Әбу

Дәуіт, Либас 19/4074)

.

Ардақты сахабалар өз істерін өздері істейтін. Олар жұма намазының

уақыты кіргенге дейін өз жұмыс орындарында жұмыс істейтін. Азан

шақырылған бетте-ақ жұмыстарын тастап, жұма намазына келетін. Сол

себепті тәндерінен жағымсыз иіс шығып тұратын. Мұны байқап қалған

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Жұма күні жуыныңыздар!»

- деп әмір етті

(Бұхари, Жұма 16, Буюғ 15; Мүслим, Жұма 6)

.

***

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) әйелдерге деген сыпайылығына төмендегі

мына оқиға мысал бола алады.

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) шеккен сапарларының бірінде Әнжаша

есімді қызметші өлең айтып, түйелердің тез жүруіне себепкер болған

еді.

266

Алайда, мұны байқап қалған Пайғамбарымыз (с.а.у.) түйелер тез

жүрсе әйелдерге залалы тиер деген оймен: «Уа, Әнжаша! Шишалар сы-

нып қалмасын», - дейді

(Бұхари, Әдеп 95; Ахмед ІІІ, 117)

.

***

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сыпайылығы

Құраннан бұрын түскен иләһи кітаптарда айтылған.

Абдулла ибн Аббас Кағбул Ахбарға

267

қарап: «Тауратта Аллаһ

Елшісінің (с.а.у.) сипаттары қалай аталып өтеді? - деп сұраған еді.

Хазрет Кағб былай деп жауап береді:

«Мұхаммед ибн Абдулла Меккеде дүниеге келеді. Мәдинаға хижрет

етеді. Шамды билейді. Ешқашан жағымсыз сөз сөйлемейді. Әрі базар-

ларда қатты дауыс көтеріп сөйлеспейді. Жамандыққа жамандықпен жау-

ап қатпайды. Керісінше кешіреді. Үмбеті молшылықта да, қиыншылықта

да кез келген жерде Аллаһқа мадақ айтып, оны ұлықтайды. Белдеріне

изар байлайды. Қолдарын жуады (дәрет алады). Соғыста сап-сап болып

тұрғандарысекілді,намаздарындадасап-сапболыптұрады.Мешіттерінен

араның ызыңы іспетті Құран мен зікірдің дауыстарышығып тұрады. Азан

дауысы көкжиекті баурап алады»

(Дарими, Муқаддима 2)

.

***

266. Түйелер әсем, әуезді дауысқа құмар болып келеді. Сондықтан түйенің бақташылары

түйелерін тез жүргізулері үшін әуезді дауысқа салады. Мұны «Хида» деп атайды.

267. Кағбул Ахбар (рахимаһуллаһ) Бәни Исрайлға қатысты деректерде танымал болған

табиғин буынының адамы. Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) уақытында мұсылмандықты

қабыл етіп, хижри 32 жылы қайтыс болды.