(
457
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
анасы ретінде қаралатын. Жақын туыс болмаса да әйелдер, әкпе, апа, ана
ретінде мәміле жасалатын.
Осындай яки өзгеде мәселелер жөнінде зерттеулер жүргізген
еуропалықтардың бағзы мағлұматтарына назар аударалық!
Әйгілі Гвер естеліктерінің бірінде былай дейді:
«Түріктердің көптеген қарым-қатынас қағидалары бар. Олар бұл
қағидаларды мүлтіксіз орындайды. Бір-бірімен кездескенде қолдарын
көкіректеріне қойып, бастарын иіп сәлемдеседі. Әрі қарсы алдындағы
тұлғаның дәрежесіне қарай «Паша! Аға! Сұлтан! Мәртебелі! секілді
сөздерді қолданады».
Леди Гравен өз таңданысын былай деп жеткізеді:
«Түріктердің әйелдерге деген құрметі күллі ғаламға өрнек бола ала-
ды. Мысалы, бір ер кісіге өлім жазасы кесілсе, барлық құжаттары тексе-
руден өтеді. Дүние-мүлкі тәркіленуі әбден ықтимал. Алайда әйеліне өте
жақсы мәміле жасалып, әсемдік бұйымдары өзімен бірге қалады».
Эдмандо Де Оличис кітабында былай дейді:
«Зерттеулеріме сүйене отырып, Еуропаның ең сыпайы, ең әдепті
халқы Стамбул тұрғындары деген тоқтамға келдім. Орасан зор қаланың
адам тұрмайтын көшелерінің өзінде шетелдік азамат үшін ешқандай
қауіп-қатер жоқтың қасы. Тіпті намаз уақыттарында мешіттерге кіріп,
серуендей аласыз. Кез келген шетелдік үлкен сый-құрметке бөленеді.
Біз көрген құрметке шіркеулерді көруге келген түрік қол жеткізе алмауы
мүмкін.
Халық арасында едірейіп қарау былай тұрсын, жасырын көзбен қарау
байқалмайды. Қарқылдаған күлкілерді өте сирек естисіз. Көшелерде
жанжал, төбелес мүлде кездеспейді. Есіктен, терезеден, яки дүкеннен
әйел дауысы естілмейді».
А. Брайер таңданысын былай деп тілге тиек етеді:
«Сіз қызметкері аз болған мекемелерге көз салып қараңызшы!
Адамдардың киген киімдері, үсті-басы нендей таза! Іс-әрекеттерінде
ақсүйектік, сыпайылық байқалады. Қолданған тілдері нендей тәтті! Әрі
нендей үйлесімді десеңізші!»
***
Османлы қоғамында шәһит жанұяларына жабық ыдыстармен ас
таратылатын. Әрі бұл іс ымырт жабылғаннан кейін жүзеге асырыла-
тын. Иә, осы ұлы әрекет олардың абыройын, қасиетін қорғауда үлкен
рөл атқаратын. Міне осындай қасиеттер османлы қоғамының сыпайы-
лы мен биязылығын көрсетеді. Келешек ұрпаққа да теңдессіз үлгі.
Сонымен қатар кедей-кепшік, қолы қысқа жандар қысылмастан өз