(
456
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
алады. О дүниелік болғанда да, жаназасы шариғат үкімдеріне қарай
жуылып, тазаланғаннан кейін ғана қабірге қойылады. Ал еуропалықтар
сырқаттанғанда яки шамасы келмей қалғанда тазалық атаулыны мүлде
ұмытады. Өлгенде үйіндегі ең жаман матаға оралып, табытқа қойылады.
Жанұясы өліктің аз да болса, тазалануын ойламайды.
Осман қоғамының, әдеп, сыпайылық, тәрбиеде қол жеткізген
жетістіктері ешбір халық бағындыра алмас биіктерде!
Түріктердің қарым-қатынастағы әдептері, ұстанымдары теңдессіз!
Олардың сыпайылығы мен қарапайымдылығы тайға таңба басқандай
айқын көрініп тұрады. Олар халық немесе мәзхаб айырымы жасама-
стан, барша адамзат баласына бірдей қарайды. Сол себепті Осман импе-
риясы демек, қызғанышпен көз тігетін әдеп пен сыпайылықтың заңғар
бәйтерегі болып табылады. Аталмыш ерекшеліктер күнделікті өмірде
молынан кездеседі. Османлылар шын көңілден ислам дініне берілгендер.
Діннің дұшпандық пен өшпенділікке тыйым салуы, олардың әр жұма
және мейрам күндерін арадағы алауыздықты жоятын себепші етіп алған.
Өздеріне жасалған жамандыққа кек сақтаудың орнына кешірімді болу
кеңінен тараған».
Вилламонт естеліктерінің бірінде былай дейді:
«Түріктерде кімде-кімнің дұшпаны болса, оған барып кешірім сұрауы
ләзім. Дұшпаны да қолын сүюден алдын яки қол алысып сәлемдесуден
алдын кешіргендігіні білдіруі тиіс. Олай болмаса, мейрамның қызықты,
берекелі болуы мүмкін емес. Бұл қағидаға бас имеген жан, адамдар ара-
сында пасық болып есептеледі».
Ата-бабамыздың әдебінің, сыпайылығының, тәрбиесінің жемістері
шексіз. Мұсылманшылықпен біте қайнасқан осман қоғамында:
а) Еуропалықтарда кездесетін шектен шығу, әдепсіздік, көше
төбелестері жоқ болатын.
ә) Сөйлеп тұрғанның сөзі кесілмейді. Сөз алған кісі әрдайым сөзін
байсалдылықпен тәмамдайды. Айтылған әрбір сөз ұғынықты болатын.
Мұны көрген Чарльз Мак Фарлайн: «Мына халықтың сөйлеген тілі
нендей ғажап! Нендей керемет! Бұлар осы тіл арқылы мәдени тұрғыдан
дамыған күллі мемлекетке үлгі бола алады», - деп таңданысын жасыра
алмаған.
б) Жүріс-тұрыстарында ерекше сыпайылық пен байсалдылық
байқалатын.
в) Жасы ұлғайған кісілерге ерекше құрмет көрсетілетін. Өте жоғары
деңгейде қадір тұтылатын.
г) Әйелдерге деген құрмет өте биік болатын. Әрбір әйел көпшіліктің