Previous Page  455 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 455 / 462 Next Page
Page Background

(

455

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

асырды. Өйткені, тазалық пен діни қызметтер егіздің сыңарындай.

Тазалық үшін, тіпті түкпір-түкпірдегі ауылдарда да моншалар салынған.

Мұсылмандардың үйлері өте таза болған. Аяқкиіммен үйде жүру үрдісі

қалыптаспаған. Үйдің кез келген жерінде намаз оқуға мүмкіндік болатын.

Үйде хайуан асырау атауымен жоқ. Тіпті құстарды үйге кіргізбейтін. Бұл

жақсы қасиеттердің ортасында дүниеге келген әрбір османлы дені сау,

ірі, қуатты болатұғын. Батыс зерттеушілерінің жазған мағлұматтарына

сүйенсек батыс ол шақтарда тазалықты түсінде де көрмейтін.

Әйгілі Лувр сарайында әжетхананың салынбауы батыстың сол

кездегі тазалығын әлемге паш ету үшін жетіп артылады. Кезінде Фран-

цияда қол шатырлар көшеге төгілген кірлі су мен кіші дәреттен қорғану

үшін қолданылғаны еңбектерде кездеседі.

Кейбір батыс зерттеушілерінің Осман империясындағы қоғамның

тазалағы мен сыпайылығын көрсететін мына еңбектерге көз жүгіртелік.

М. Де. Тевенот кітабында былай дейді:

«Түріктер гигиенаға үлкен мән береді. Сол себепті оларда сырқаттар

аз кездеседі. Мемлекетімізде мол кездесетін бүйрек аурулары және де

көптеген жұқпалы, қауіпті ауру түрлері оларда атауымен жоқ. Тіпті атта-

рын білмейді. Түріктердің денсаулықтарының мықты болуының басты

сыры жиі-жиі жуынуларында, ішіп-жеулерінде ысырапшылдыққа жол

бермеулерінде деп топшылаймын. Олар өте аз тамақтанады. Олардың ас

түрлері, христиандардың күнделікті асына мүлде ұқсамайды».

Ригаут: «Астан алдын және кейін қол жуу түріктердің дағдысына

айналған. Әрі бұл әдет қалың көпшіліктің арасында кең тараған», -

дейді.

Ж. Б. Таверниер болса: «Осман империясындағы қоғамда дас-

тарқаннан тұрар-тұрмас міндетті түрде қол жуылып, ауыз шайылады.

Олардың үйіне қонақ болып, бара қалсаңыз, алдыңызда міндетті түрде

ыстық су мен сабын дайын тұрады. Ал ұлықтарының үйінде келген

қонақтың қолына роза суы яки басқа хош иісті иіссулар құйылады. Оны-

мен орамалыңыздың шетін сулап алсаңыз да болады», - дейді.

Ж. Р. Дурбент өз естелігінде былай дейді:

«Түріктер күніне бес уақыт намаз оқуды діни міндет ретінде қабыл

көреді. Әрі оларға күніне бірнеше мәрте дәрет алу міндеттелген. Олар

осылайша рухтарының да тазалануына кәміл сенеді».

Доктор А. Брайард өз кітабында былай дейді:

«Осман империясында өмір сүретін кез келген жан жуынып таза-

лануды ешқашан ақсатпайды (ұмытпайды). Шамасы жетпеген күннің

өзінде баласын яки қызметшісін, немесе әйелін пайдаланып жуынып