Previous Page  454 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 454 / 462 Next Page
Page Background

(

454

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Мұсылман сүндетке отыру, тырнақ алу, шаш қысқарту сияқты адам-

зат баласының жаратылыс мұқтаждықтарын өтейді. Қазіргі таңда мода

деген желеумен тырнақ өсіру іспетті теріс қылықтар адамның жараты-

лысына сәйкес келмейтін жат қылық әрі соқырлық.

***

Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Аллаһ сендерді мол нығметке бөлесе, сен-

дер де өздеріңе жақсы қараңдар (таза киініңдер, ысырапшылыққа жол

бермеу шартымен) әркім киген киіміне ерекше назар аударсын, - деген

болатын

(Муатта, Либас 3)

.

***

Мұсылман мешіттердің тазалығына да көңіл бөлуі қажет. Бұхаридың

тазалығы мен сыпайылығын көрсететін мына бір оқиға біздер үшін

ғибратқа толы. Оқиға өрісін Мұхаммед ибн Мансұр былай деп

тарқатады:

«Бұхари мен бірге бір мәжілісте отырған едік. Мәжілісте

отырғандардың бірі сақалына жабысқан қиқымды лақтырып жіберді.

Кейін Бұхариға назар салсам қиқымға бір, адамдарға бір қарап тұрғанын

байқадым. Адамдар назарын басқа жаққа бұрған сәтінде дереу қолын

ұзатып қиқымды алды. Кейін киімінің жеңіне тығып қойды. Мешіттен

шыққанымдаоныңжеңіненқиқымдышығарыптиістіжергелақтырғанын

өз көзіммен көрдім»

(Ибн Хажар, Һадуш-Шариғ ІІ, 196)

.

***

Әрбір істе сыпайылық таныту қажет. Инфақта да (Аллаһ жолын-

да мал жұмсау) сыпайылықтың алар орны ерекше. Марқұм әкем және

көкелерім инфақ жасарда сезімталдық көрсететін. Зекет ақшасы немесе

садақа салынған конверттің үстіне: «Қабыл алғандарыңыз үшін алғыс

білдіреміз», - деп жазатұғын. Осылайша сыпайылық танытатын. Кедей-

кепшікке берілетіназық, қаржыныжақсылапорауға, ешкімді ренжітпеуге

тырысатын. Алған да қуанышқа бөленіп, берген де көңіл тыныштығын

табар еді. Яғни алушы алған нәрсесінің Аллаһтан келді деген ниетпен

алар еді. Беруші де Аллаһтың аманатын өтедім деген ойда болар еді.

***

«Тазалық – иманның жартысы» деген хадис-шәріпті көркем жазу-

лармен жазып, үйінің төріне ілген, Осман империясының тұрғындары

тазалықты өздерінің өмірлік ұстанымы ретінде қабылдаған.

Мәшһүр сәулетші Синан мұсылмандардың рахаты, тыныштығы,

тазалығы үшін мемлекеттің әрбір бұрышына алуан түрлі керуен сарайла-

рын, су құбырларын, құдықтар, моншалар салуды өмірінің соңғы деміне

дейін орындаған. Олар материалдық һәм рухани тазалықты жүзеге