(
458
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мұқтаждықтарын өтеу үшін салынған «садақа тастары» ғаламда теңеуі
болмаған сыпайылық пен нәзіктіктің қайталанбас туындысы болып та-
былады.
***
Сыпайылыққа, биязылыққа қатысты мына мысалға назар салып
көрейік:
«Кезінде Иранда ғалымдар мен ақындар «үндеместер мәжілісі» атты
ұйым құрады. Оның құрамы бар болғаны отыз жаннан құралатын. Әрі
бұл санды арттырмайтын. Ұйымға мүше болудың алғы шарты көп ойла-
нып, аз жазу, әрі аз сөйлеуден тұратын. Сол заманда өмір сүрген атақты
ақындар мен әйгілі ғалымдар аталмыш ұйымға мүше болуға ынтызар
болатын. Бір күні әлгі ұйымның бір мүшесі қайтыс болады. Оны естіген
бір ғалым көз жұмған жанның орнына мүше болу үшін ұйымның са-
райына қарай бет алады. Сарай алдындағы қызметшіге ләм деместен
аты жазылған қағазды беріп жіберуін өтінеді. Ұйым мүшелері кезекті
мәжілісте отырған еді. Олар қағазды көрген сәтте қатты мұңайады.
Өйткені хат иесі мүшелікке лайық жан болатын. Бірақ олар марқұм
болған мүшенің орнына басқа біреуді алып қойғантұғын. Келген ғалымға
мәжілісте орын жоқтұғын. Мәжіліс бастығы бір кесені суға толтырып
ғалымға жібереді. Зерек ғалым әңгіме төркінін дереу түсінеді. Өйткені
бір тамшы су, кеседегі судың төгілуіне себеп болар еді. Ол да өсіп тұрған
раушан гүлінің жапырағын жұлып, кеседегі судың үстіне қояды. Бір
қызығы кеседегі су тасымады. Қызметшіге кесені ұсынып, қайта апа-
руды сұранады. Мәжілістегілер бұл нәзік жауапқа таң қалады. Ұйым
мүшелері дереу ақылдасып, ғалымды ұйымға мүше ретінде қабыл алуға
шешім қабылдайды. Мәжіліс бастығы тізімге ғалымның атын қосады.
Отыз санының соңына тағы бір нөл қосып, үш жүз деп жазады. Ол зе-
рек, сыпайы ғалымның арқасында мәжілістің он есе артық қасиетке ие
болғандығының дәлелі еді.
Тізімнің соңғы пішіні жаңа мүшенің алдына келіп жеткенде, ол
мәселені аңғарған болатын. Алайда оған мүшелер санының көптігі
ұнамады. Соңғы нөлді өшіріп, оны отыз санының алдына қояды.
Қарапайым ғалым осылайша өзін нөл деп есептеп, кеседегі суды
тасытпағаны секілді, мәжілістің құрылысын бұзбайтындығын білдіреді.
Өзге мүшелер оның бұл әрекетін түйсінген сәтте, ғалымға деген құрмет
пен таңданыстары арта түседі. «Үндеместер мәжілісінің» жаңа мүшесіне
ерекше құрмет көрсетіп, тағзым етеді.
268
***
Ұзын сөздің қысқасы тазалық пен сыпайылық мұсылманның ай-
268. Рыза Акдемир, Бир Демет Чичек, 76-78 қысқартылып алынған.