Previous Page  437 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 437 / 462 Next Page
Page Background

(

437

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

оныңжанымен дүние-мүлкіне қол сұғу тәрізді ауыр қылмыс. Сол себепті

біреуді жамандаудан, өсектеуден аулақ болу қажет.

АллаһТағала өзгелерді ғайбаттауға дағдыланғанжанғаҚұранКәрімде

былай деп сын айтады:

«Барша өсекші мен қорлаушыға азап болсын!

(Олар)

мал жиып,

қайта-қайта санайды.

(Ол)

жиған мүлкін, өзін мәңгі жасатады деп ой-

лайды. Жоқ! Әлбетте ол, Хұтамаға тасталады. Хұтаманың не екендігін

саған кім білдірді? Ол, Аллаһтың жүрекке жетіп өртеген, алаулаған

тозағы. Олар тозақтың ішінде ұзын діңгектерге байланады. Әрі тозақ,

оларды қоршап алады»

(Һүмаза сүресі, 1-9 аяттар)

.

Ұлы Аллаһ Тағала ғайбаттауға тыйым салумен қатар, оны тыңдауға да

рұқсат етпеген. Өйткені ғайбаттаудыүнсіз тыңдау, іштей соған қосылуды,

құптауды білдіреді. Көптеген аяттарда мүминдердің мұндай жағымсыз

мінез-құлықтан аулақ болатындықтары айтылып өткен:

«Олар бос әрі

пайдасыз сөз бен іс-әрекеттен аулақ болады»

деген аят сөзімізге дәлел

бола алады. Өйткені кез келген мүмин өз жауапкершілігін өте жақсы

біледі. Сонымен қатар өзіне берілген нығмет пен мүмкіндіктің, әрбір іс-

әрекетінің есебі бар екендігін әрдайым жадынан шығармайды.

Хақ Тағала Құран Кәрімде құлдарына былай деп насихат жасайды:

«Өзің білмеген нәрсенің соңынан түспе! Өйткені құлақ, көз және

жүрек істеген істерінен жауапқа тартылады»

(Исра сүресі, 36-аят)

.

Бір жерде бір мұсылман ғайбатталып жатса, яки абыройына дақ түсіп

жатса оны қорғау қажет. Кедергі болуға күш салу керек. Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) мұндай іс-әрекет жасаған мұсылманға үлкен сый уәде етеді:

«Кімде-кім бір мұсылманды бір мұнафыққа қарсы шығып

(ғайбаттаушыға) қарсы шығып қорғаса, Аллаһ Тағала қиямет күні оның

етін қоритын періште жі ереді. Ал кімде-кім бір мұсылманның жа-

манатты болуын тілеп, жала жапса, Аллаһ Тағала қиямет күні тозақ

көпірлерінің бірінің үстінде жапқан жаласының күнәсынан арылғанша

ұстап тұрады»

(Әбу Дәуіт, Әдеп 36-4883)

.

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай

деп ескерту жасайды:

«Уа, тілімен иман келтіріп, жүрегіне иман орын теппеген жандар!

Мұсылмандарды ғайбаттамаңдар! Кемшіліктерін де іздемеңдер! Кімде-

кім мұсылмандардың кемшілігін іздесе, Аллаһ Тағала да оның кемшілігін

іздейді. Ал Аллаһ Тағала біреудің кемшілігін іздесе, үйінің ортасында болса

да, абыройын төгеді»

(Әбу Дәуіт, Әдеп 35; Тирмизи, Бирр 85; ибн Кәсир, Тәфсір IV,

229)

.

«Күдіксіз өсімнің ең үлкені, мұсылманның арына тіл ұзату»

.