Previous Page  435 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 435 / 462 Next Page
Page Background

(

435

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жала жабу. Ойын осылайша таразылап, сөздерінің ақиқатты баяндап

тұрғандығына нанатын, әрі өзін-өзі жұбататын, әрі осындай пікірінен

таймаған пенде нендей үлкен ғапылдықта жүр десеңізші!

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларынан:

– Ғайбаттаудың не екенін білесіңдер ме?

- деп сұрайды. Ардақты са-

хабалар:

– Оның мәнісін Аллаһ және Оның Елшісі (с.а.у.) бізден артық біледі,

- деп жауап қатады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Ғайбаттау, дін бауырыңды өзі жақсы көрмейтін сипаттарынан сөз

қозғауың

, - дейді. Сахабалар:

– Айтылған сипат (кемшілік) бауырымыздың бойында болса, оған не

дейсіз? - деп сұрайды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Егер айтқан нәрсең (кемшілігің) оның бойында болса ғайбат еттің.

Ал жоқ болса, оған жала жаптың демек

, - деп жауап береді

(Мүслим, Бирр

70; Әбу Дәуіт, Әдеп 40/4874)

.

Ғайбаттау көптеген мәселені қамтитын ауқымды тақырып. Кез кел-

ген дін бауырымыздың бітімі, мінезі, дүние-мүлкі, балалары, көлігі,

заты, жүріп-тұруы, сөйлеуі т.б. ерекшеліктерін, оған ұнамайтын жазба-

ша яки ауызша түрде сөз қозғау, ишаратпен, яғни қас-қабақпен немесе

қолмен түсіндіру, оған еліктеп мазақ қылу, тіпті ым білдіру ғайбаттау

шеңберіне кіреді. Яғни мұсылман баласының қандай да бір кемшілігін

өзгеге жеткізу үшін қолданылған әрбір сөз немесе әрекет ғайбаттаудың

нақ өзі. Ғайбаттауда бүлікшіл ниеттің болуы шарт емес. Жете ойланбай

айтылған сөз бен іс-әрекет ғайбаттау күнәсінің батпағына батуымызға

жетеді.

Ғайбаттау – улы қанжар. Аталмыш қанжар жүректе орын тепкен

махаббат, рақымдылық, мейірімділік, бауырмалдық сезімдерін жоя-

ды. Адамдар арасында алауыздықтың пайда болуына септігін тигізіп,

дұшпандық өрши түседі. Әйгілі ғалым Фұдайыл ибн Ғияд: «Ғайбаттау

кірген жерден, бауырмалдық қашып шығады», - деген.

Ғайбаттау, нәпсіден жеңілудің, жүректе теріс сезімдердің пайда болуы

және жағымсыз мінез-құлықтың жемісі. Кісінің нәпсісін семірте түсетін

күнә. Өйткені ғайбаттаушы өзі қор көріп айыптаған кісінің істеген

ісінен яки күнәсынан іргем аулақ деп ойлайды. Яғни ол күнәні іске

асырмағандығыүшін, өзіноданартықкөреді.АлайдаПайғамбарымыздың

төмендегі мына ескертуін жадымыздан шығармайық:

«Мұсылманның дін бауырын қор көруі, жамандық (күнә) ретінде оған

жетіп артылады»

(Мүслим, Бирр 32)

.

Сондай-ақ, өзге біреуді қандай да бір кемшілігі жайлы сөз қозғап