Previous Page  434 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 434 / 462 Next Page
Page Background

(

434

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жақсы көреді. Осылайша өздерінің саулығын сақтайды. Сонымен қатар

олар ерте ұйықтап, күн шуағын төкпестен ерте тұрады».

***

Қысқасы,орынсызжердеүндемеуменойғашомусаналығұмырымызда

аса мұқтаж болатын ерекшеліктер болып табылады. Иманымыздың

күшейіп, іс-әрекетіміздің бағыты дұрыс болуын, өміріміздің гүлденіп

жандануын қаласақ, осы ерекшеліктерді бойымызға сіңіруіміз қажет.

Өйткені ойға шому, мұсылман баласын тахқиқи иманға бастайды.

Мұны бір шайыр:

«Мына ғалам Аллаһты танытатын ең үлкен кітап. Бұл үлкен кітаптың

кез келген әрпін оқысаң, мағынасының Аллаһ екендігін көресің.

Ғаламның қандай да бір зәредей түйіріне көз жүгірсең, сені Хақ Тағалаға

бастайды», - деп жеткізеді.

Орынсыз жерде жақ ашпау, адамға тыныштық әкеледі. Жүзінде

салмақтылықтың, байсалдылықтың бейнесі көрінуіне септігін тигізеді.

Әрі жүрек түкпіріне тереңдікті туғызып, жәннатқа кіретін үміткерлердің

қатарына енгізеді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«(Орынсыз жерде)

жақ ашпаған жан, құтылды (яғни, жәннаттық болуға қол жеткізді)»

, -

деген

(Тирмизи, Қиямет 50/2501; Дарими, Риқақ 5)

.

Ұзын сөздің қысқасы, орынсыз жерде жақ ашпау мен ойға шомудың

пайдасы есепсіз көп. Сондықтан сөзді көп ұзатпай, тәмамдаған жөн

шығар!

б) Ғайбаттау

Ғайбат айту, бір мұсылманның өзге мұсылман бауыры естігенде

мұңаятын яки ұялатын кемшілігінен сөз қозғауы болып табылады. Аллаһ

Тағала адамзат баласын ерекше құрметке бөлеген. Көптеген нығметтер

нәсіп еткен. Әрбір құлына өзіне жарасар ерекшелік берген. Сондықтан

кісіні көзі жоқта кемшіліктері жайлысөз қозғау діни тұрғыдан үлкенкүнә

болып есептеледі. Рақымдылығы қаһарынан зор Раббымыздың күнәһар

әрі кемшілікке толықұлын қорғауы да мейірімділігінің нышаны. Мұндай

жағымсыз іс сонымен қатар қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты,

бауырмалдық сезімді жояды.Шынымен-ақ тарих беттеріне көз жүгіртсек

ғайбаттау, әрдайым ислам бауырмалдығын бұзушы, қоғам жүйесін

талқандаушы, бірліктің рухын өлтіруші фактор ретінде бой көрсетіп кел-

ген. Сондай-ақ ол, қоғамда дұшпандық, өшпенділікжәне алауыздық отын

көріктеген. Бағзы біреулер айтқан ғайбатының хақиқи тұстары да бола-

ды деген желеумен өзін-өзі жұбатады. Ақиқатына жүгінсек, ғайбаттау

қандай да кемшіліктің, нұқсандықтың айтылуы. Болмаған нәрсені айту,