Previous Page  429 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 429 / 462 Next Page
Page Background

(

429

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Мұны бір шайыр:

«Сөйлеуің күміс болса, үндемеуің алтын болсын,

«Кәміл жандар, кемелдігін үндемеумен тапқан екен», - деп жеткізеді.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) орынсыз жерде үндемеуді және ойлануды жақсы

көретін. Пайғамбарлықтың келуі жақындағанда оңашалануды, жалғыз

отыруды тілейтін еді. Меккеден шамамен бес шақырымда орналасқан

Хира үңгіріне келіп, бірнеше күн қалып қоятын. Оның оңашаланудағы

құлшылығы, ойлану, атасы Ибраһим (а.с.) іспетті жеті қат көк пен жерге

назар салып ғибрат алу және Қағбаны тамашалау болатын.

249

Өйткені Хира үңгірі мәңгі сөнбес алауға айналатын Құран Кәрімнің

Аллаһтың құзырынан жүрегі пәк Мұхаммедке түсіп, сол арқылы күллі

адамзат баласына жетуін қамтамасыз ететін дайындық сатысы жүзеге

асқан жер еді.

Сол шақтарда ғалам мен оның жаратушысы жайлы ойланған Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) ғұмырының қалған жылдарында әрдайым ойлы жүретін.

Аса зәрулік тумаса, жақ ашпайтын. Кейде үндемеуі ұзаққа созылып

кететін. Сөзге бастаса, сөзін міндетті түрде тәмамдайтын. Бірнеше

мағынаны санаулы бірнеше сөздің ішіне сыйғызатын. Яғни қысқа әрі

нұсқа сөйлеуші еді.

250

***

Айша анамыз (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) мейірімділігіне және ой

тереңдігіне қатысты көзі көрген уақиғасын былай деп әңгімелейді:

«Бүр күні түнде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап: «Ей, Айша! Рұқсат

берсең, осы түнді Раббыма құлшылық етумен өткізейін», - деді.

Мен: «Уаллаһи, сенімен бірге болуды қатты жақсы көремін. Бірақ

сені сүйіндірген нәрсені одан артық көремін», - дедім.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дәрет алып, намазға тұрды. Намаз оқып тұрғанда

көз жасына ерік берді. Қатты жылағандығы соншалық сақалы, тіпті на-

маз оқып жатқан жері суланып кетті. Дәл сол сәтте намазға шақыру үшін

Біләл (р.а.) келді. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына күйін көріп: «Уа,

Аллаһтың Елшісі! Аллаһ сенің барша күнәңді кешкен жоқ па? Неге

жылайсың?» - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Аллаһқа көп шүкір ететін құл болмаймын ба?

249. Айни, Ғумдәтул-Қари Шарху Сахихил-Бұхари, Бейрут, Идаратут-Тибағатил-

Мунириия І, 61; XXIV, 128.

250. Ибн Сағд І, 422.