(
433
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазірет Мәулана үндемеу мен ойға шомудың ғажаптығын төмендегі
мына уақиға арқылы былай деп жеткізеді:
«Бір сопы ойға шомып ләззат алу үшін әдемі бауға кіреді. Баудың
әдемілігіне мастанып, ішкі жан дүниесін қуаныш кернейді. Көзін жұмып,
ойға шомады. Сол маңайда жүрген ғапыл кісі, сопыны ұйықтап жатыр
екен деп ойлайды. Оның мына халіне көз жүгіртіп таң қалады. Артынша
қарай-қарай мезі болады. Сопының қасына келіп:
– Неге ұйықтап жатырсың? Көзіңді ашып, жүзім сабақтарына,
гүлдеген ағаштарға, жасыл желекке оранған гүлзарларға қарамайсың
ба?! Аллаһ Тағаланың мейірімінен туған дүниелерге көз салсаңшы, -
дейді. Сопы оған қарап былай деп жауап береді:
– Ей, ғапыл! Аллаһтың мейірімінен туған ең қадірлі дүние көңіл,
ішкі жан дүние болып табылады. Одан өзге нәрселер, көңілдің көлеңкесі
іспетті. Мысалы, ағаштардың арасымен өзен ағып жатыр делік. Оның
мөлдіреген таза суынан, екі жағалаудағы ағаштардың бейнесі көрінеді.
Судың ішінде көрінген нәрсе, ақиқаты жоқ жалған дүние екендігі хақ.
Ал ғажап бау-бақшалар адам баласының көңілінде, ішкі жан дүниесінде
орын тебеді. Өйткені көңіл, ішкі жан дүние Хақ Тағаланың ғана назары
түсетін орын. Көңілдің, ішкі жан дүниенің толқуынан туған ғажайыптар
су мен балшықтан тұратын осы дүниеде көрінеді. Егер осы дүниедегі
нәрселер, көңілдің, ішкі жан дүниенің ғажайыптарыболып есептелмеген-
де, Хақ Тағала бұл дүниені фәни, алдамшы жалған дүние деп атамас еді.
Құран Кәрімде Аллаһ Тағала:
«Негізінде дүние тіршілігі, алданыштың
дүниесі»
, - дейді.
Ғапыл жандар бұл дүниені жәннат көріп: «Жәннат дегенің осындай-
ақ болар»,-деседі. Олар әлгі өзеннің мөлдіреген суынан көрінген бейне-
ге алданғандар. Ғажайып бау-бақшалардан, яғни әулиелерден ұзақтап
кеткендер, осындай қиялға елігіп адасуға бой ұрады. Бір күні уақыты
келгенде ғапылдық ұйқысы соңғы аялдамаға келіп жетеді. Көз ашылып,
ақиқат көрінеді. Бірақ ақтық демде көрінген ақиқаттың қандай пайдасы
болар дейсің? Өлместен бұрын өліп, рухы ғажайып баудың ақиқатынан
өз үлесін ала білген жан нендей бақытты!».
***
Еуропалық жазушы Торнтон мұсылмандардың үндемеуі мен ойға
шомуының ғажайыптығын былай деп тілге тиек етеді:
«Түріктерасабайсалды,салмақтыболыпкөрінеді.Көңілкөтерулерінің
өзінде сөздерінде, іс-әрекеттерінде салмақтылық байқалады. Қуанышты,
сүйінішті улап-шулап өткізуді ақымақтық деп есептейді. Үндемей жақ
ашпау мен тыныштықтан ерекше ләззат алады. Әрекеттерінде көрінетін
салмақтылықтан ұлылық көзге түседі. Қолдары бос уақытта тынығуды