Previous Page  430 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 430 / 462 Next Page
Page Background

(

430

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Уаллаһи, осы түнде маған аяттар түсті. Оларды оқып, ойға шомбаған

кісілерге нендей өкініш!»

- деп төмендегі мына аяттарды оқыды:

«Шүбәсіз, жеті қат көк пен жердің жаратылуында, күн мен түннің

ауысуында

(Аллаһтың бар және бір екендігіне)

ақылды жандар үшін

көптеген айғақ бар. Олар, тұрып тұрғанда, отырғанда, жамбастап

жатқанда

(барша халде)

Аллаһты зікір етеді.

(Сондай-ақ)

олар жеті

қат көк пен жердің жаратылуы жайында ойға шомып: «Уа, Раббымыз!

Сен мұны босқа жаратпадың? Сені

(нұқсан келтіретін барша нәрседен)

пәктейміз! Бізді тозақ отынан сақ!» - деп жалбарынады»

(Әли Имран

сүресі, 190-191 аяттар)

.

***

Әбу Зар (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) бір күні түнде таңға дейін ойға

шомып, Аллаһ Тағалаға жалбарынғандығын былай деп тілге тиек етеді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) түні бойы намазда:

«Егер оларды азаптасаң, олар

сенің құлдарың!

(Ал)

егер оларды жарылқасаң да күдіксіз сен аса

үстем, хикмет иесісің»

деген аятты қайталап оқып тұрды

(Мәйда сүресі,

118-аят); (Нәсай, Ифтитах 79; Ахмед V, 156)

.

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) аяттың мағынасын

терең ойлап, үмбетінің қиямет қайымдағы халіне көз жүгірткен

еді. Оларға жаны ашып, еріксіз көз жасын тыя алмай Хақ Тағалаға

жалбарынған болатын.

***

Лұқман (а.с.) тыныш жерде оңаша отырып ойлануды жақсы көретін.

Әрі мұны жиі-жиі іске асыратын.

«Неге жалғыз отырасыз? Адамдармен бірге отырып, әңгіме дүкен

құрғаныңыз артық емес пе?» - деп әрекетінің сыры сұралғанда ол:

«Ұзақ уақыт оңаша отыру, ойлануға жақсы. Ал ұзақ уақыт ойлану Хақ

Тағаланың жолына жетелейді», - деп жауап берді.

251

***

Бір кісі Хазірет ибн Аббасқа жаман сөздер айтты. Ал ибн Аббас

жұмған аузын ашпады. Кісі таң қалып, ибн Аббастан үндемеуінің сырын

сұрады.

Ибн Аббас: «Менің бойымда үш қасиет бар. Олар, менің саған жауап

беруіме кедергі жасайды.

Біріншісі: Аллаһтың кітабынан бір аят оқылғанда, әттең барша адам-

зат баласы менің мына тыңдаған нәрсемді білсе ғой, деп тілеймін.

251. Тарсустағы көне бір мешітте Лұқман аләйһис сәләмның итикафқа кіріп, тәфәккур

еткен орны әлі күнге дейін зиярат етілуде.