(
431
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Екіншісі: Мұсылман бір билеушінің әділетті ұстанғандығын
естігенімде қатты қуанамын. Ал ақиқақатына жүгінсек ол билеушімен
ешқандай қатынасым жоқ. (Мен тек ислам ғажайыптарының іске
асқандығына, әділеттің орнағанына қуанамын).
Үшіншісі: Мұсылмандардың аймағына жауын жауғанда қатты
сүйінемін. Ал шындығына келсек, ол аймақта жайылып жүрген малым,
яки жерім жоқ. (Өйткені, дін бауырымның қуанышы, мені сүйіндіруге
жеткілікті)», - деп жауап берді
(Хайсами IX, 284)
.
Ибн Аббас (р.а.):
«Сауатсыз надандар оларға тіл қатқанда, «сәлем»
(амандық тілеп)
деп айтады»
деген аятпен амал етіп жүрген болатын.
Ол қарсы алдындағы кісіге бойындағы хал тілімен: «Менің ішкі жан
дүнием осындай халде бола тұра, қалайша саған тіл қатып көңіліңді
қалдырамын», - деп тұрған еді. Міне ол осылайша кітап іспетті, сауатсыз
надандарға жақ ашпаудың мысалын көрсетті.
***
Сыр сақтай білу тілге ие болудың, үндемеудің бір түрі болып табы-
лады. Бұл маңызды ерекшелікті, үндемеудің қадірін б летіндер ғана
ұғынады. Төмендегі мына уақиға һәм осы жағынан һәм Аллаһ Елшісіне
(с.а.у.) көрсетілген әдеп және құрмет жағынан көптеген ғибратқа толы.
Сәбит әл-Бунанидің риуаят еткеніне сүйенсек, Әнәс ибн Мәлік (р.а.)
оған мына уақиғаны айтып берген болатын:
«Мен балалық шағымда балалармен ойнап жүргенімде Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) қасыма келді. Бізге сәлем беріп, мені бір іске жұмсап жіберді. Осы
себептен үйге кеш қайттым. Үйге келгенімде анам:
– Неге кешіктің? - деп сұрады. Мен:
– Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мені бір іске жұмсаған еді. Сол үшін кеш
келдім», - деп жауап бердім. Анам:
– Ол не іс? - деп сұрады. Мен:
– Бұл құпия іс, - дедім. Бұл сөзімді естіген анам:
– Ұлым, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сырына мұқият бол. Ешкімге айтпа,
- деді.
Хазірет Әнәс (р.а.) бұл уақиғаны айтқаннан кейін Сәбит әл-Бунаниге
қарап: «Сәбит, егер бұл сырды біреуге айтар болсам, уаллаһи саған айтар
едім», - деді
(Мүслим, Фадайлус-Сахаба 145, 146)
.
***
Төмендегі мына уақиға Омар ибн Абдулазиздің ойлау тұңғиығын
көрсетеді.