(
349
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұған ешкім қарсы шыға алмайды. Осман империясында тіленшілердің
өте аз болуы мұны айғақтай түседі.
Пақырларға жәрдем беруге мүмкіндіктері болмаған түріктер,
қолынан келетін көмегін қара жұмыс арқылы жасайды. Күре жолдар
бұзылса жөндеуге жәрдемдеседі. Шөлдеген жолаушылар ішсін деген ни-
етпен жол бойына көптеген үлкен су бөшкелерін қояды. Су тасып сел
басқанда, жүргіншілерге өткелдер дайындайды. Осы іспеттес көптеген
игіліктерді жасайды. Қызығы сол, бұл істеріне жалақы яки ақша алмай-
ды. Тіпті еңбегіне болмашы қаражат берілсе де оны қабыл етпейді. Бұл
істерді Аллаһ разылығы үшін істегендіктерін тілге тиек етеді».
Моурадги де Охсонның Ислам қоғамы жайындағы төмендегі мына
естелігіне көз жүгіртейік:
«Халықтың әрбір сатысында ата-ана, жақын туыстар балаларға кез
келген мәселеде үлгі болуға күш салады. Балалық шақтарынан бастап,
игі істер істеуге үйретеді. Игілік жасау дейсіз бе, немесе жақсылық
жасау дейсіз бе, білмеймін. Бірақ осындай игі қасиеттердің саясында
өзімшілдік, сараңдық, ашкөздік тәрізді жағымсыз қасиеттер жоғалады.
Оның орнын адамзат баласына кез келген сәтте көмек көрсету тәрізді
жағымды қасиеттер басады. Осының арқасында мұсылмандар арасында
бір-біріне жәрдем беру қасиеті өлмейді. Бұл ерекшелік, мемлекеттің өзге
мемлекеттерден деңгейінің биік болуын қамтамасыз етері хақ!».
5. Бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету
Адамзат тарихы, қоғамдық жүйе бұзылған әрбір дәуірде сопылар
мен әулиелердің бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге күш
салғандығына ең үлкен куәгер болып табылады. Олар рухани күйзеліске
тап болған жандарға қол ұшын беретін. Оған қоса сансыз ғапыл, бейхабар
жандарды емін күтіп отырған сырқат ретінде қабыл алып, рақымдылық
пен мейірімділікке негізделген мәміле жасайтын.
Қоғамдық бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге зекет,
садақа, инфақ, игілік шараларының, әсіресе уақыфтардың үлкен көмегі
тиді. Сонымен қатар мүминдер арасындағы бір-біріне көмек беру,
жомарттық, халықшылдық, кешірімшілдік, бірлік пен ынтымақ сезімдері
қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықтың негізін қалайды. Мүминдер
жүректерінің тек бір жүрек іспетті соғуына септігін тигізеді.
Ислам сөзі, Аллаһқа тәслім болу, амандық, бейбітшілік деген
мағыналарға келеді. Исламның негізгі мақсаты, бейбітшілік, тыныштық
болып табылады. Ал мұсылмандардың міндеті, һәм жеке тұлғаны һәм
қоғамды дұрыстау, түзету. Осылайша олар адамдар арасында ортақ