(
344
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ларды ұмытпаңдар!) Әрбірің қастарыңа олардан екі немесе үш кісі ал-
сын!» - деп айтатын. Негізінде біздің бір кісімен кезектесіп мінетұғын бір
түйеміз бар болатын. Мен кезектесіп мінетін болып, қасыма екі (яки үш)
кісі алдым. Менің де олар секілді түйеге кезектесіп мінуге құқығым бар
еді»
(Әбу Дәуіт, Жиһад 34/2534)
.
Әбу Сағит әл-Хұдри (р.а.) былай деп жеткізеді:
«Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) бір жорықта едік. Кенет күтпеген жерден
түйесінемінгенбіреушыға келді. Бірнәрседенүміттеніпоң-солына қарай
бастады. Мұны байқап қалған Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Мұқтаждығынан
басқа өзге көлігі болғандар, көлігі жоқтарға көлігін берсін! Артық азығы
болғандар, азығы жоқтарға берсін!» - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тағы да
басқа дүние-мүлік түрін айтып шықты. Міне сол сәтте ешбір жанның
мұқтаждығынан артық дүние ұстауға құқығы жоқ екендігін аңғардық»
(Мүслим, Лұқата 18; Әбу Дәуіт, Зекет 32)
.
***
Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзіне қиыншылыққа тап болған бір кісі
келгенінде, маңайындағыларға қарап: «Мына кісіге жәрдем етіңдер! Сау-
ап аласыңдар! Аллаһ Тағала қалаған нәрсесін пайғамбарына айтқызады»,
- дейтін
(Бұхари, Зекет 21, Әдеп 36, 37, Таухид 31; Мүслим, Бирр 145)
.
***
Хазірет Әлидің (р.а.) айтуынша Аллаһ Елшісі (с.а.у.) соғыстың
қорқынышты сәттерінде алдыңғы қатарда жүретін. Барлығы оның
арқасын паналайтын. Сапардан қайтқанда яки жолшылықта керуеннің
соңынан жүріп отыратын. Артта қалып қойған әлсіздерге, мұқтаждарға
жәрдем ететін. Яғни оның әрбір әрекеті Аллаһтың құлдарына қызмет
етуге бағытталатын.
Жәбир (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жолшылықта керуеннің соңынан жүріп отыра-
тын. Әзер жүріп келе жатқан әлсіздерге жәрдем беретін. Оларды көлігіне
мінгізіп, оларға дұға ететін»
(Әбу Дәуіт, Жиһад 94/2639)
.
Бір күні адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) маңайындағы
сахабаларға қарап:
«Дін бауырың залым болса да, (зұлымдыққа ұшыраған
мазлұм болса да) жәрдем ет!»
- дейді. Бір кісі:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Бауырым мазлұм болса жәрдем етейін-ақ,
бірақ залым болса қалай жәрдем етпекпін? - деп сауал қояды. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.):
– Оны зұлымдықтан тыясың, зұлымдығына кедергі боласың!
Күмәнсіз (осы ісің) оған жәрдем ету (болып табылады), - деп жауап