Previous Page  341 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 341 / 462 Next Page
Page Background

(

341

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

мын ба деген толқуда жүргенінде бәйбішесі Хазірет Хадиша (р.а.) ана-

мыз Пайғамбарымызды (с.а.у.) былай деп жұбатқан еді:

«Еш қорықпа! Уаллаһи, Аллаһ сені ұятқа қалдырмайды. Өйткені сен

туыстық қатынасты үзбейсің! Тура сөйлейсің! Ісін атқаруға шамасы

жетпегендердіңжүгінтасисың! (Әлсізге, жетімге, кедейгежәрдеметесің)

Пақырға жақсылық жасайсың! Ешкімнің бере алмайтынын бересің!

Сондай-ақ қонағыңды жақсы күтесің!»

(Бұхари, Бәдул-Уахи 1; Мүслим, Иман

252)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) исламға шақыру міндетін бастағанда үмбетіне

сырқаттың көңілін сұрап шығуды, жаназаға қатысуды, түшкіргенге

жақсылық тілеуді, әлсіздерге жәрдем етуді, зұлымдыққа ұшырағанға

қол ұшын беруді, қандай да бір істі істеймеймін деп ант-су ішкен кісінің

антын орындауға күш салуын тағы басқаларды әмір етті.

188

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) осы өсиетіне құлақ асып, дін бауырына

жәрдем етуге құлшынған мүминдерді мынадай хабармен сүйіншілейді:

«Кімде-кім дін бауырының мұқтаждығын өтесе, Аллаһ Тағала оның

мұқтаждығын өтейді. Кімде-кім дін бауырының мұңына, дертіне шара

тапса, (оны құтқарса) Аллаһ Тағала оны (сол ізгі ісі арқылы) қиямет

қиыншылықтарының бір қиыншылығынан құтқарады»

(Бұхари, Мазалим 3;

Мүслим, Бирр 58)

.

Иә,АллаһТағаланыңөзінежәрдемші болуынкімтілемейді десеңізші!..

Әсіресе қияметтің жан түршігерлік қиыншылықтарында...

Атап айтсақ, кісі қиын жағдайға душар болып, шара таба алмай

жүргенінде жасалған жақысылықтың сауабы мен құндылығы жоғары

болады. Хақ Тағала қиыншылыққа тап болған құлына жәрдем етілуін

қатты сүйеді. Ал керісінше мүмкіндігі бола тұра, қиыншылыққа тап

болған мүминге қол ұшын созбаған пенденің мойнына ауыр күнә жазы-

лады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) көлігіне міне алмай жатқанды көлігіне мінгізу,

жүгін көлігіне артып жіберу секілді болмашы болып көрінген жәрдем

түрлерін садақа ретінде қабыл етілетіндігін айтып өткен.

189

Бұл Раббымыздың құлдарына деген шексіз мейірімділігі мен

рақымдылығының бір көрінісі ғана.

Аллаһ Тағала қандай да бір игі іске баруға ниеттенген мұсылманға

жәрдем берген кісіге де, оған берген сауаптың мөлшеріндей сау-

ап беретіндігін уәде еткен. Бұл жайлы бір хадис-шәріпте былай деп

айтылған:

«Кімде-кім Аллаһ жолында жиһадқа баратын бір жауынгердің сауыт-

188. Бұхари, Мазалим 5; Мүслим, Либас 3.

189. Бұхари, Сулх 11, Жиһад 72, 128; Мүслим, Зекет 56.