Previous Page  337 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 337 / 462 Next Page
Page Background

(

337

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Артынша Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) барып, уақиғаны бастан-аяқ айтып

шықты. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Әбубәкір! Аузыңнан шыққан мына сөзіңмен бәлки оларды

ренжіткен шығарсың! Егер оларды ренжітсең, Раббыңды да ренжітесің, -

деді. Хазірет Әбубәкір дереу әлгі пақыр мұсылмандарға келіп:

– Бауырларым! Сендерді ренжітіп қойған жоқпын ба? - деп сұрады.

Олар:

– Жоқ! Саған ренжіген жоқпыз. Аллаһ саған мейірімділік танытсын

бауырым! - десті

(Мүслим, Фадайлус-Сахаба 170)

.

Сахабалардың бұл әрекетінде ешкімді ренжітпеуді және ешкімнен

көңілі қалып ренжімеуді байқаймыз.

Хазірет Фәридуддин Аттар «Парднама» атты еңбегінде: «Сені

ренжіткендердің желеулерін қабыл ет! Халықты ренжіткенді Аллаһ

сүймейді. Мұндай мінез діндар кісіге жараспайды. Біреудің көңілін

қалдырып, мұңайтқан кісі әуелі өз көңілін жаралайды», - дейді.

***

Абдулла ибн Зұбайырдың ұлы Амир, пақыр-ғаріптерге жәрдем етіп

тұратын. Ол оларды ренжітпеу үшін мына әдісті қолданатын.

Жәрдемге мұқтаж кісілер сәждеге жығылғанда, ол ақша салынған

әмияндарды олардың аяқкиімдерінің қасына көрінетіндей етіп тастап,

көзге түспей кетіп қалатын. Біреулер одан:

– Неге жәрдеміңді, біреуді жіберіп жасамайсың? - деп сұрайтын.

Сонда ол:

– Олардың бірінің, жіберген кісіммен немесе менімен кездескенде

жерге қарауын қаламаймын. Сондықтан осылай істеймін, - деп жауап

беретін

(Ибн әл-Жәузи, Сифатус-Сафуа II, 411)

.

***

Хазірет Мәулана «Мәснауи» атты кітабында ешкімді ренжітпеу жай-

ында мынадай қыссаны риуаят етеді:

«Теңізде жүзіп келе жатқан кемеде бір дәруішбар болатын. Оныңжүгі

жоқ болатын. Бойында көркем ахлақ атаулыдан мәрттік, адамгершілік

байқалатын. Кеме алған бағытын жалғастырып жүзіп келе жатқанда бір

дорба алтын жоғалды. Дәруіш ол кезде ұйықтап жатыр еді. Алтын иесі

кемедегі барлық кісіні тінтіп шықты. Бірақ алтынды таба алмады. Бір

кісі алтынның иесіне дәруішті нұсқап:

– Мына ұйықтап жатқан пақырды тінтіп шығайық, - деді. Алтын

иесін, алтынның күйініші өртеп дәруішті оятты. Ол жазықсыз дәруішке

күмәнді көзбен қарап: