(
335
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Өйткені мұсылман баласы ешбір пендеге залалын тигізбесе Аллаһ
Тағаланың құзырына тақуалықпен, ешкімнен ренжімесе опалықпен,
істеген ісіне қарымта күтпесе ықыласпен келеді.
Ұзын сөздің қысқасы ешбір жанды ренжітпеу, ешкімнен көңілі қалып
ренжімеу имандылықтың белгісі. Осылай барша саналы ғұмырды
өткізу үлкен ғанибет. Кез келген мұсылман баласының аузынан Аллаһы
түспесе, өлім ақиқатын жадынан шығармайды. Құлшылығы мен күллі
іс-әрекетіне мән береді. Яғни, ешбір жанға қолымен яки тілімен зарарын
тигізбейді. Сонымен қатар қарапайым халықтың сауатсыздықтан туын-
дайтын тұрпайылығы мен дөрекілігіне сабыр етеді. Сонда ғана ол, өзін
бақытқа жетелер жолға түседі.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) екі азаншысы бар болатын. Солардың
бірі Абдулла ибн Мактум жиі-жиі Аллаһ Елшісіне келіп: «Уа, Аллаһтың
Елшісі! Аллаһтың саған үйреткен нәрселерін бізге де үйрет», - дейтұғын.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) қадірлі сахабасының көңілін қалдырмай, барша
сауалына жауап беретін.
Бір күні Құрайыш руының белді кісілерінің бірнешеуі Аллаһ
Елшісінің (с.а.у.) қасында мәжіліс құрып отырған еді. Аллаһ Елшісінің
(с.а.у.) бәлки мына Құрайыштың белді кісілері имандылық жолына
түсіп, соңына ергендер де тура жолға түсер деген үміті бар болатын.
Дәл сол сәтте Абдулла ибнМактум келеді. Зағип болғандықтанАллаһ
Елшісінің (с.а.у.) қасында кімдердің отырғандығын байқамайды. Сол
себепті, күнделікті тілегін қайта қайталайды. Қонақтарының жанында,
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның с уалдарына жауап бере алмайды. Қатты
қысылады. Басын басқа жаққа бұрып, оған мән бермейді. Бұған Абдулла
ибнМактум да ренжіп қалады. Сол кезде Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) «Абаса»
сүресінің алғашқы аяттары ескерту ретінде түседі:
«Ол
(Аллаһ Елшісі
(с.а.у.),)
зағип келіп
(мәжілістің тыныштығын бұзды)
деп, қабақ шыт-
ты. Теріс айналды»
(Ғабаса сүресі, 1-2 аяттар), (Тирмизи, Тәфсір 80; Муатта, Құран
8; Рази XXXI, 50)
.
Осы уақиғадан кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Абдулла ибн Мактумды
қайда көрсе де:
«Уа, Раббымның маған ескерту жасаған кісі! Қош келдің!»
- деп ілтипат көрсететін
(Уақиди 471-бет)
.
***
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жолда отырған сахабаларын көріп:
– Жолда отырудан сақтаныңдар, - деді. Сахабалар:
– Біз мұны істеуге мәжбүрміз. Күллі мәселемізді сол жерде