Previous Page  339 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 339 / 462 Next Page
Page Background

(

339

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

бітіріп шыққан болатын. Оның бойындағы пәктікті, таза өмірін ұнатқан

бір әулие: «Балам! Бұл оқу орны жақсы оқу орны болып табылады. Бірақ

сен негізгі оқуды бітіруге көңіл бөл. Сені «ирфан» мектебіне тіркейік. Ол

жерде ішкі жан дүниенің білімдері және ақырет сырлары үйретіледі», -

деді.

Артынша оған қарап: «Балам! Ол жерде тәлім беру ісі қалай жүзеге

асатындығын білмеймін. Алайда білетін бір нәрсем бар. Бұл оқудың

алғашқы дәрісі ешкімді ренжітпеуден басталып, соңғы дәрісі ешбір жан-

нан көңілің қалып ренжімеумен тәмамдалады», - деді.

Бойындағы көркем ахлақ пен ұлық қасиеттері арқылы басқа жандар-

дан ерекшеленіп тұратын әулиелер, ешкімді ренжітпеу және ешбір жан-

нанкөңілі қалыпренжімеу ізгілігініңасқаршыңынанорыналғандықтары

даусыз.

Біреулер Әбу Абдулла Саламадан: «Әулиелерде өзге кісілерден

ерекшелендіріп тұратын қандай сипаттар бар?» - деп сұраған болатын.

Ол жауап ретінде әулиелердің мынадай сипаттарын тізбектеп:

«Әулиелер өзге жандардан:

«Тіліндегі тәттілікпен»

«Ахлағындағы көркемдікпен»

«Жүзіндегі күлімсіреумен»

«Бойындағы және іс-әрекетіндегі сыпайылықпен»

«Жомарттықпен»

«Желеу мен сылтауды қабыл етудегі өзгешілдігімен»

«Жақсы яки жаман барша жанға деген рақымдылығының

кеңдігімен,ерекшеленіп тұрады»,-деп жауап берген еді.

***

Қысқасы, бұл дүние мен о дүниеде тыныштық тапқысы келген кісі

һәм ешбір жанды ренжітпеуі керек, һәм ешбір жаннан көңілі қалып

ренжімеуі қажет. Әрбір жанның Аллаһ құзырында қадірлі екендігін жа-

дынан шығармай, жақсы мәміле жасауы тиіс. Хазірет Мәулана бұл жай-

лы былай дейді:

«Аллаһтың құзырына алтын толы мыңдаған кесе апарсаңда, Хақ

Тағала: «Бізге бір нәрсе әкелуге бел байласаң, өзің шат-шадыман етіп,

ішкі жан сарайын тыныштыққа бөлеген біреуді әкел», - дейді

4. Жәрдемдесу

АллаһТағалаҚұранКәрімде адам баласының әлсіз жаратылғандығын