Previous Page  336 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 336 / 462 Next Page
Page Background

(

336

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қарастырамыз, - десті. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Отырудан бас тартпасаңдар, жолдың ақысын беріңдер, - деді.

Олар:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Жолдың ақысы қандай болады? - деп

сұрады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«(Жолдың ақысы) харамға қарамау, ары-бері

өтіп жатқандарды ренжітпеу, (берілген) сәлемді алу және жақсылықты

әмір етіп, жамандықтан тыю»

, - деп жауап берді

(Бұхари, Мазалим 22,

Истизан 2; Мүслим, Либас 114)

.

***

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жас сахабасы Жәбир ибн Абдулланың

үйіне соққан еді. Оның әкесі Абдулла (р.а.) Ұхуд ғазауатында шәһит

болғандықтан, артында қалған жеті (немесе тоғыз) балаға қарау міндеті

Жәбирге жүктелген болатын. Бұл міндетін атқарып жүргенде ешқандай

машақаттан тайынбағандығыүшінАллаһЕлшісі (с.а.у.) онықаттыжақсы

көретін. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы жас сахабасына бір жақсылық жа-

сайын деген оймен қолынан жетелеп үйіне ертіп әкелді. Жанұясынан ас

сұратты. Қызметші құрма жапырағынан жасалған дастарқанды жайып,

үш тілім нан қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) нанның бір тілімін өзі алып,

бір тілімін Жәбирге берді. Үшінші тілімді екеуі бөлісіп алды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Нанмен жейтін нәрсе бар ма? - деп сұрады. Үй ішінен:

– Жоқ. Тек сірке суы бар, - деген дауыс естілді. Пайғамбарымыз

(с.а.у.):

– Әкеліңдер оны! Сірке суы нендей керемет нәрсе! - деді

(Мүслим,

Әшриба 169)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ешқашан алдына қойылған астың кемшілігін

іздемейтін. Ұнатпағандығын білдірмеуші еді. Өйткені Пайғамбарымыз

(с.а.у.) астан қандай да бір кемшілікті табудың, ас иесін ренжітетіндігін

білетұғын. Ешкімнің көңілін қалдырып ренжітпеу, Аллаһ Елшісінің

(с.а.у.) ерекше мән берген әрекеттердің бірі болатын.

***

Хұдайбия бейбіт келісім-шартынан кейінірек Әбу Суфян ішінде

СәлманФариси, СухайыпРуми, БіләлХабаши бар бір топмұсылманның

тұсынан өтіп бара жатқан еді. Оны көріп қалған мұсылмандар:

– Аллаһтың қылышы, Аллаһтың дұшпанының көзін құртпады,-десті.

Мұны естіп қалған Әбубәкір (р.а.):

– Мына сөзді Құрайыштың көсеміне айтып жатырсыңдар ма? - деді.