Previous Page  332 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 332 / 462 Next Page
Page Background

(

332

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

зарар көрмеген кісі. Ал мұхажир, Аллаһтың харамдарын тәркеткен кісі»

,

- деп суреттейді

(Бұхари, Иман 4-5, Риқақ 26; Мүслим, Иман 64-65)

.

Басқа хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Кімде-кім тозақтан

аулақ болып, жәннатқа кіруді қаласа, өлімін Аллаһқа және ақыретке

иман келтірген күйде күтсін. Әрі басқа жандардың өзіне қалай мәміле

жасауын тілесе, оларға да солай мәміле жасасын!»

- дейді

(Мүслим, Имара

46; Нәсай, Бәйғат 25)

.

Адамның ішкі жан сарайына Аллаһтың назары түсіп тұрады. Сол

себепті біреудің ішкі жан сарайын жаралайтын әрекет жасау үлкен

қателік болып табылады.

Хазірет Мәулана былай дейді:

«Бойыңда жақсы қасиет болса, әуелі біреудің ішкі жан сарайын шат-

шадыман ет! Топырақтан соғылған Қағбаның негізгі мағынасы осы. Мы-

наны, есіңнен шығарма! Аллаһтың назары түсіп тұратын біреудің ішкі

жан дүниесін талқан етсең, Қағбаға жаяу барып, тапқан сауабың оны

жаба алмайды!

«Сен сынық инеге бағаламаған біреудің ренішті ішкі жан сарайы

Ғарыштан артық! Курсиден, Ләухтан, Қаламнан артық. Қор көрме!

Қандай жағдайда болмасын, ол барша дүниеден қадірлі. Ренішті кісінің

ішкі жан сарайына Аллаһ Тағаланың назары түседі. Мұндай ішкі жан

сарайы екі жүз бөлікке бөлініп, ренжіген жанның көңілін табу Аллаһ

Тағаланың құзырында көптеген игіліктің сауабынан артық. Жақ ашпа!

Әрбір шашыңда екі жүз тіл болса да, ішкі жан сарайдың құндылығын

жеткізе алмайсың!».

Шейх Сағди былай дейді:

«Қандай да бір хабардың біреуді ренжітетінін аңғарсаң, жақ ашпа!

Сен емес, басқалары жеткізсін!».

Фарудиддин Аттар «Пәрднама» атты туындысында былай дейді:

«Біреуді ренжітуге әуестенбе! Абырой табамын десең, халықтың

игілігін айт! Жақсылық жасауға шамаң жетпесе, ең болмаса жамандық

етпе! Аман-есен болайын десең, халықтың өсегінен абай бол!».

Басқа да ұлық кісілердің сөзіне көз жүгіртіп көрейік:

«Дүниедегі ең бақытсыз жан, адамдарды ренжіткен жан. Өйткені ба-

сына іс туғанда маңынан демеу көрсетер жан табылмайды».

«Гүлдің әдемі бейнесін көргің келсе, күздіңгүні сабағын сындырма!».

«Адамдарға дауыс көтеріп, дөрекі сөз қолданба! Дөрекі сөз лаулап

жанған от тәрізді».

Ешбір жанды ренжітпеуге, қанаты қайысқан жетімдерге қамқор болу