Previous Page  329 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 329 / 462 Next Page
Page Background

(

329

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жатқан күнәһар пенде, шын пейілімен істеген істеріне өкініп, іштей

өртеніполардан аулақтаужерге барыпотырды. Екі қолын аспанға көтеріп

рақымдылардың ең рақымдысы болған Аллаһ Тағалаға сыйынып: «Уа,

Раббым! Мына ұлы пайғамбарыңның құрметіне менің күнәмді кешір!» -

деп жалбарынды. Алайда әлгі салих деп саналған кісі оны байқап қалып,

қор көрді. Екі қолын жайып: «Аллаһым! Ертеңгі қиямет күнінде, мына

кісімен бірге тірілтпе», - деп дұға етті.

Сол сәтте Аллаһ Тағала Исаға (а.с.): «Уа, Иса! Құлдарымды құлағдар

ет. Екеуінің де дұғасын қабыл еттім. Бейшара күнәһар құлымды кешіріп,

жәннаттықтардың қатарына кіргіздім. Ал халықтың салих деп санаған

кісісін, менің рақымдылығыма бөленіп кешірім берген құлыммен бірге

болмауды қалағандықтан, оны жәннаттықтардың қатарына кіргізбедім»,

- деп уахи етті.

Аллаһтың лағнеті мен ашуына ұшырағандардан өзге, істеген күнәсі

үшінАллаһтың құлдарын қор көруАллаһТағаланың қаһарына ұшырауға

әкеліп соғатын үлкен қателік болып табылады. Кімнің қандай күйге

түсетінін, жүректің тереңінде ненің жасырынып жатқандығын тек Аллаһ

Тағала ғана біледі. Біздің міндетіміз өз қателіктерімізбен алысып, тәубе

мен истиғфарға жүгінумен шектелетіндігі даусыз.

***

Дерекке сүйенсек, Мұхиддин ибн Араби теңіз жағалауының бойымен

келе жатып, құмыраны басына көтеріп шарап ішіп жатқан жас жігітті

көреді. Әлгі жігіт онымен қоймай, жанынан өтіп бара жатқан әйелге

тисіп тұрған еді. Мұхиддин ибн Араби ішінен: «Адам баласы жаратылған

махлұқаттың ішінде өзін ең төменімін деп санауы қажет. Сыпайы болуы

керек. Бірақ мен қалай да болса, мына жігіттен артық шығармын. Шарап

ішпеймін. Оғаш қылықтар жасамаймын. Ұятты істерден аулақ жүремін»,

- деді.

Дәл сол шақта, теңізден: «Батып барамыз! Құтқарыңдар!»,-деген

жанұшырған айқай естілді. Мұны құлағы шалып қалған әлгі жас жігіт

қас-қағымда суға сүңгіп кетті. Санаулы минуттарда батып бара жатқан

төрт кісіні құтқарып, жағалауға шығарды. Осының барлығын таңдана

қарап тұрған Мұхиддин ибн Араби, алдындағы ойын теріске шығарды.

Ішінен: «Қарасаңшы! Жаңа ғана қор көріп тұрған кісің төрт кісіні

құтқарып қалды. Ал сен не істедің? Төртеу түгілі бір кісіні құтқаруға

шамаң жетпеді», - деді.

Сонымен ұзын сөздің қысқасы, жас жігіттің мейірімділі мен

рақымдылығы себеп болып, Мұхиддин ибн Араби екеуінің арасында

достық пайда болды. Жас жігіт күллі жамандығынан тыйылып, жаңа

өмір бастайды. Мұхиддин ибн Арабидің жақсы шәкірттерінің біріне ай-

налады.