(
325
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
дерге есендік болсын!)
деп айт! Әрі Раббыларың мейірімділік танытуды
уәде етті
(деп айт!)
»
(Әнғам сүресі, 52-54 аяттар)
.
Ғаламның мақтанышы келісімді жазуға алдыртқан қағазын лақтырып
жіберді. Дереу бізді қасына шақырды. Жанына барып, отырғанымызда
ол: «Сәлем сендерге! Раббыларың мейірімділік танытуды уәде етті»,
- деуден танбады. Жақын отырғандығымыз соншалық, тіземіз оның
тізесіне тиді. Осы аяттар түскеннен кейін, бұрынғыдай Аллаһ Елшісінің
(с.а.у.) қасында отыруды жалғастырдық. Ол қалаған уақытында біздің
қасымыздан кетіп қалатын. Мына аяттар түскеннен кейін бұл әрекетін
де тәрк етті.
«
(Уа, Мұхаммед!)
күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, оның
разылығын тілеген жандармен бірге сабыр ет!
(Жалған)
дүниенің
әсемдігіне қызығып, олардан көзіңді алма!»
(Кәһф сүресі, 28-аят)
.
Бұдан кейін, біз мұқият болуға тырыстық. Онымен біраз уақыт
отырғаннан соң, мазасын алмау үшін сыпайылық танытып, одан бұрын
тұрып кететінбіз
(Ибн Мәжә, Зүһд 7; Табари, Тәпсір VII, 262-263)
.
Осы соңғы аяттар түскенде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дереу пақыр саха-
баларын іздеуге кірісті. Оларды мешіттің артында Аллаһты зікір етіп
отырған сәттерінде тауып алған Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жанымды
кеудемнен алмай тұрып, үмбетімнің осындай адамдарымен бірге сабыр
етуімді әмір еткен Аллаһқа мадақ!!! Бұдан былай өмірім де, өлімім де сен-
дермен бірге болады»
, - деді
(Уақиди 306-бет)
.
***
Әбу Барза (р.а.) хикая еткен төмендегі мына уақиға ешбір жанды қор
көрмеуге ғажап мысал бола алады:
«Ансардың кез келген қызы бойжетіп үйлену шағына жеткенде,
Аллаһ Елшісінің пікіріне, өсиетіне құлақ аспастан тұрмысқа бермейтін.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ансардың бір кісісіне:
– Сенің қызыңа құда түссем бе деген ойым бар, - деді. Ансарлық қатты
қуанып:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Келістім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе, - деді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
– Оған өзім үшін құда түсіп жатқаным жоқ, - деді. Ансарлық:
– Олай болса, оған кім үшін құда түсіп жатырсыз, - деп сұрады. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.):
– Қызыңды Жұлайбибқа алып берсем деген ойым бар, - деп жауап
берді (Жұлайбиб (р.а.) сұлу жігіт емес еді). Ансарлық:
– Онда мен қыздың анасымен кеңесейін, - деп үйіне кетіп қалды.