Previous Page  323 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 323 / 462 Next Page
Page Background

(

323

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қателік жасадық па? Яки біз оларды көрмей тұрмыз ба?»

(Сад сүресі, 62-

63 аяттар)

.

Хазірет Мәулананың бұл жайлы көзқарасына көз жүгіртіп көрейік.

«Ешбір кәпірге қор көзбен назар салма! Өйткені мұсылман болып

өлуі әбден мүмкін. Кәпір деген кісіңнің ғұмыры қандай күйде бітеді?

Әлде одан хабардарсың ба? Неге одан сырт айналасың?».

Сонымен қатар Мәулана Халид Бағдадидің «Мактубатының» 16

хатындағы ақтық демнің таңғажайып ақиқатын былай деп жеткізеді:

«Халық көптеген нашар жандарға аяныш сезімімен қарап жүргенде,

олар ақтық демінде иманын серік етіп, бұл дүниеден аман-есен кетіп

жатады. Өкінішке орай көптеген ғалым, әйгілі тұлғалар заманның

мүршидтері (жол көрсетуші көсемдері) бола тұра, ғапылдыққа түсіп

имансыз көз жұмады. Демек, ақтық демге дейін босаңсуға жол беруге

болмайды. Міне ақтық демнің маңыздылығы осындай бола тұра, өзін

өзгеден артықпын деп мастану, тәкаппарлану нендей бақытсыздық!

Ешбір жанды қор көрмеу жайлы Хазірет Бурсауи мынадай мысал

береді:

«Мүмин ешқашан дін бауырын қор көрмеуі тиіс. Одан өзін артықпын

деп санамауы қажет. Ібіліс Адамды (а.с.) қор көрді. Одан өзін артықпын

деп есептеді. Осылайша мәңгі-бақи Аллаһтың лағнетіне ұшырады.

Мінекей, кімде-кім мұсылман бауырын қор көріп, одан өзін артықпын

деп ойласа, заманның Ібілісіне айналады. Ал бауыры Адамның (а.с.)

дәрежесінде болады»

(Бурсауи IX, 79)

.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Хазірет Әнәс (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһым! Маған пақыр болып өмір сүруімді

нәсіп ет. Пақыр күйде жанымды кеудемнен ал! Қиямет күнінде

пақырлармен бірге жина!» - деп дұға етті. Мұны естіп қалған Айша ана-

мыз (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Неге былай деп дұға еттіңіз?» - деп

сұрады.

ҒаламныңмақтанышыПайғамбарымыз (с.а.у.):

«Өйткені олар пейішке

байлардан қырық жыл бұрын кіреді. Уа, Айша! Жарты құрмамен болса

да, пақырлардың қолын бос қайтарма! Уа, Айша! Пақырларды жақсы көр!

Оларды өзіңе жақындатсаң, Аллаһ қиямет күні сені өзіне жақындатады»

,

- деп жауап берді

(Тирмизи,Зүһд 37/2352)

.

ДемекАллаһтың құлдарын төмен санамай, оларғажақын болу, дертіне

шипа болуға күш салу, мұқтаждықтарын өтеуге тырысу бізді Аллаһқа