Previous Page  318 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 318 / 462 Next Page
Page Background

(

318

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ибн Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Біз көпті көрдік. Тіпті арамызда ешкімнің өзінің алтыныменкүмісіне

(яғни, материалдық қажеттіліктерге) мұсылман бауырынан лайығырақ

көрмейтіншақты (көрдік). Қазіргі таңда алтын мен күміс (яғни, дүниелік

нәрселер) бізге мұсылман бауырымыздан сүйкімдірек болып кеткен.

Мен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.):

«Қиямет күнінде көптеген көрші

көршісінің жағасына жармасып: «Уа, Раббым! Мынау есігін тарс жау-

ып, жақсылық пен жәрдемін менен есіркеді деп айтады»

, - дегенін естіген

едім», - деді

(Бұхари, әл-Әдәбул-Муфрад 111-бет)

.

***

Табиғин ғұлама, әйгілі мұхаддис (хадисшіге) Абдулла ибн Мүбәрак

қажылықты өтегеннен кейін Қағбада ұйқылы-ояу күйде, көктен екі

періштенің түскенін көреді. Періштелердің бірі жанындағысына: «Биыл

алтымың кісі қажылықжасады. Барлығының қажылығыШамда тұратын

Әли ибн Муаффақ атты етікшінің жасаған амалының құрметіне қабыл

болды. Бұл кісі қажылыққа ниет еткен болатын. Бірақ бара алмай қалды.

Оның жасаған бір амалының құрметіне мұнша адамның қажылығы

қабыл етілді», - дейді.

Оянып кеткен Абдулла инб Мүбәрак аң-таң болады. Бір керуенмен

ілесіп Шамға барады. Ол кісіні тауып алып: «Сен қажылыққа бармасаң

да, қандай амал істеп едің?» - деп сұрайды.

Әли ибн Муаффақ Абдулла ибн Мүбәрак секілді әйгілі тұлғаны

көргенде қатты таң қалады. Өз-өзіне келгеннен кейін былай дейді:

«Отыз жылдан бері қажылыққа баруға ниеттендім. Етікшіліктен тапқан

үш жүз дирһамым бар болатын. Қажылық жасауға бел байладым. Аяғы

ауыр әйелім: «Көршінің үйінен еттің иісі шығып жатыр. Маған бір тілім

ет сұрап әкелші», - деді.

Көршіме бардым. Жағдайды түсіндірдім. Көршім жылап, былай

деді: «Жеті күннен бері балаларым аш. Жолдың үстінде өліп жатқан бір

хайуанды таптым. Бір бөлік ет кесіп алған едім. Қазір соны қайнатып,

балаларымды жұбатып отырмын. Адал азық таппасам, амал жоқ соны

жегіземін. Қаласаң берейін. Бірақ бұл қайнап жатқан ет өлімге душар бо-

лайын деп отырған балаларыма адал. Ал саған харам».

Мұны естігенде ішім солқ ете қалды. Әрең жинаған үшжүз дирһамды

оған бердім. «Уа, Раббым! Қажылық ниетімді қабыл ет!» - деп Раббыма

сыйындым».

Абдулла ибн Мүбәрак: «Раббым, маған дұрыс білдірген екен», - деп

қайта сапар шекті.

***