Previous Page  316 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 316 / 462 Next Page
Page Background

(

316

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Елшісі (с.а.у.) оларға көршілерін тәрбиелеп, діни мәселелерді үйрету

үшін бір жыл уақыт берді. Артынша төмендегі мына аятты оқыды:

«Исрайыл ұрпағынан кәпір болғандар Дәуіт (а.с.) пен Мәриям ұлы

Исаның (а.с.) тілімен лағнеттелген.

(Лағнетке ұшыраулары)

қарсылық

білдіріп, шектен шығуларының салдарынан. Олар бір-бірін істеген

жамандығынан тыймайтын. Расында олардың істеген істері нендей

жаман еді!»

(Мәйда сүресі, 78-79 аяттар) (Әли, әл-Муттақи ІІІ, 684/8457; Хайсами І,

164)

.

***

Сахабалардың көрші ақысына деген жауапкершілігін және дін

бауырлық құқығына мұқияттылықтарын көрсететін төмендегі мына

уақиға нендей өнегелі!

Ибн Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Қатарлас отырған жеті үй бар еді. Барлығы сіңірі шыққан кедей бо-

латын. Біреу бұл үйлердің біріне бір қойдың басын беріп жібереді. Үй

иесі, көршісінің өзінен өте мұқтаж екендігін ойлап, басты көршісіне

береді. Екінші көрші де дәл солай ойлап, үшінші көршіге беріп жібереді.

Осылайша қойдың басы жеті үйді аралап, алғашқы берілген үйге қайтып

жетеді»

(Хаким ІІ, 526)

.

***

Мүслим ибн Сағдтың жиені Абдулла былай деп әңгімелейді:

«Қажылыққа баруға ниеттендім. Нағашым Мүслим он мың дирһам

беріп: «Мәдинаға барғаныңда ең пақыр жанұяны тауып, мына қаражатты

соған бер!» - деді.

Мәдинаға келіп жетікенімде ең пақыр жанұяның кім екендігін

сұрастырдым. Сол жердегілер маған бір үйді нұсқады. Барып есігін

қақтым. Үй ішінен бір әйел:

– Ол кім? - деп сұрады. Мен:

– Бағдаттан келе жатқан кісімін. Маған біреу он мың дирһам берген

еді. Оны Мәдинаның ең пақыр жанұясына бер деген болатын. Бұл жер-

ге келіп сұрастырғанымда, осы маңайдағылар сіздің үйді көрсетті. Бұл

қаражатты менен алыңыз! Өтінемін! - дедім. Әйел:

– Саған бұл қаражатты берген кісі ең пақыр жанұяға бер деп шарт

қосқан екен. Мынау біздің тұсымыздағы жанұя, бізден гөрі мұқтаждау,

- деді.

Ол үйден шығып, әйел айтқан үйге бардым. Есігін қақтым. Маған

жауап қатқан әйелге бұрынғы айтқандарымды түгелдей айтып шықтым.

Әйел маған қарап: