Previous Page  313 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 313 / 462 Next Page
Page Background

(

313

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) көршілерді үш топқа бөлген:

а

. Бір құқығы бар көршілер. Яғни мұсылман болмаған көршілер.

Бұлардың тек көршілік ақысы бар.

ә

. Екі құқығы бар көршілер. Бұлар мұсылмандар. Олардың көршілік

және дін бауырлық ақысы бар.

б

. Үш құқығы бар көршілер. Бұлар туыстығы бар көршілер. Олардың

көршілік, дін бауырлық және туыстық ақысы бар.

175

Ислам діні адами мәмілерді белгілі бір жүйе негізінде құрған. Сол

себепті туыс болғанның өзгелерден көбірек ақысы бар. Адам баласының

табиғатына тән нәрсе де осы.

176

Кез келген жан жақсы көршімен қатар

тұруды армандайды. Сондықтан алдымен өзіміз жақсы көрші болуға

күш салуымыз қажет. Содан кейін ғана жақсы көршілермен қатар тұруға

тырысуымыз керек. Өйткені мұсылман жанды бұл дүниеде бақытты

ететін нәрселердің бірі жақсы көрші.

177

Сол себепті Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Тұрақты тұратын жерлеріңде жаман көршінің (жамандығынан)

Аллаһқа сиыныңдар! Ал көп тұрақтамайтынжерлеріңде жаман көршілер

әйтеуір белгілі бір уақыттан кейін сендерден көз жазып қалады»

, - деген

(Нәсай, Истиғаза 44)

.

Бұл жайлы ел аузында жүрген «Үй алма, көрші ал!» деген қанатты сөз,

жақсы көршілердің арасында тұрудың біз үшін қаншалықты маңызды

екендігін көрсетуге жеткілікті. Сондай-ақ мешітке жақын тұруға күш са-

луымыз керек. Осылайша кісі намаз оқуға шақырған азанның рухания-

тынан мақұрым қалмайды.

Көршіліктіңмаңыздылығысоншалықбұлдүниелік істерменшектеліп

қалмайды. Пәни дүниеде салихтермен, ізгі жандармен бірге болу

қаншалықты маңызды болса, м зарда ондай жандармен қатар жатудың

дәл сондай маңыздылығы бар.

Мұның маңыздылығын Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай деп баян етеді:

«Мәйіттеріңді салих адамдардың арасына жерлеңдер!»

(Дәйлами І, 102)

.

Көршілердің ұсақ-түйек беймазалығына, қиыншылықтарына шы-

дау қажет. Өйткені Хақ Тағала сүйген жандарының бірі, көршісінің

беймазалығына Аллаһ разылығы үшін шыдаған жан. Ұлы Аллаһ қалай

да болса, оны көршісінің жамандығынан сақтап қалады.

178

Пайғамбарымыз (с.а.у.) көрші ақысы жайлы былай деген:

«Жәбірейіл

(а.с.) маған әрдайым көрші ақысы жайлы насихат ететін. Тіпті мен,

175. Ибн Хажар, Фәтхул-Бари, Дарул-Фикр, Фуат Абдулбақи нешри Х, 456; Суюти, әл-

Жамиғус-Сағир І, 146.

176. Бұхари, Шуфға 3, Һибә 16, Әдеп 32.

177. Ахмет III, 407.

178. Ахмед V, 176.