(
308
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
келсем, қала халқы оған қарсы екен. Онымен кездесудің жолын іздедім.
Оны тауып алып:
– Сен кімсің? Не істейсің? - деп сұрадым. Ол маған қарап:
– Мен пайғамбармын, - деп жауап берді. Мен:
– Пайғамбар деген кім? - деп сауал қойдым. Ол:
– Мені Аллаһ жіберді, - деп жауар берді. Мен:
– Сені қандай міндетпен жіберді? - деп сұрадым. Ол:
– Аллаһ маған, туыстарға қарайласуды, пұттардың жойылуын,
Хақ Тағаланың бір екендігін білдіруді, оған ешбір нәрсенің серік емес
екендігін жеткізу міндетін жүктеп жіберді, - деді
(Мүслим, Мусафирун 294)
.
Пайғамбарлық міндеті жүктелместен бұрын-ақ Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
туыстарымен өте жақсы қарым-қатынаста болатын. Ал пайғамбар
болғаннан кейін бұл қарым-қатынас одан әрі арта түсті. Әрі Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) саналы ғұмырында күллі мұсылман жанға мұның маңыздылығын
атап көрсеткен. Әрі бұл мәселеде исі мұсылман баласына өзі үлгі
болған.
Византия императоры Әбу Суфияннан Пайғамбарымыз (с.а.у.) жай-
лы сұрастырған еді. Бір сауалында: «Ол (пайғамбармын деп жүрген) кісі
сендерге нені әмір етеді?» - деп сұраған болатын.
Әбу Суфиян: «Ол бізге: «Тек Аллаһқа құлшылық етіңдер! Оған
серік қоспаңдар! Ата-бабаларың иман келтірдік деп айтқан нәрселерін
тәркетіңдер»,-дейді. Бізге намаз оқуды, сөзіміз бен іс-әректетімізде
туралықтан таймауымызды, абыройлы ғұмыр кешуді, туыстарға
қарайласуды әмір етеді», - деп жауап берген еді
(Бұхари, Бәдул-Уахи 6, Салат
1, Садақат 28, Жиһад 74)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) көлігінің үстінде сахабаларымен бірге тұрған еді.
Кенеттен бір кісі келді. Келген кісінің асығып аптыққанына таңданған
сахабалар:
– Мынаған не болған? - десті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жол ашыңдар
деп ишарат етіп:
– Өзіне сай маңызды ісі бар болар, - деді. Әлгі кісі Аллаһ Елшісінің
тізгініне жармасып:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Маған, мені жәннатқа кіргізетін, тозақтан
аулақ ететін қандай амал бар? Айтшы! - деді. Оның неге мұқтаж
екендігін байқаған Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Тек Аллаһқа құлшылық ет!
Оған серік қоспа! Намазыңды оқы. Зекетіңді бер. Туыстарыңа қарайлас!»
- деген өсиет айтты. Қойған сауалының жауабын алған сахаба кері ай-