(
306
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тып болғаннан кейін, «рахим» (туыстық қатынас) орнынан тұрып:
«(Құзырыңдағы) мына тұрыс, туыстық қатынасты үзген жаннан, саған
сыйынғанның тұрысы», - деді.
Аллаһ Тағала: «Жарайды! Саған қарайласқанға қарайласуымды, ал
сенен қатынасын үзген жаннан, мейірімді үзуіме разы емессің бе?» - деп
сұрады.
«Рахим» (туыстық қатынас): «Иә, разымын», - деп жауап берді»
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайтты айтқаннан соң: «Қаласаңдар (мұны
растай түсетін) мына аятты оқыңдар», - деді.
«
(Уа, мұнафықтар!)
егер сендер іс басына келетін болсаңдар, жер
жүзінде бұзақылық жасап, туыстық қатынасты үзесіңдер ғой!
(Со-
лай емес пе?)
(Міне)
осылар Аллаһ лағнет етіп, құлақтарын саңырау,
көздерін соқыр еткен жандар!»
(Мұхаммед сүресі, 22-23 аяттар)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы мәселе төңірегінде хадис-шәріптерінде
былай дейді:
«Ақыретте жазасы берілгенімен, бұл дүниеде Аллаһ
Тағаланың тез арада жазалауына ең лайықты күнәлар, зұлымдық жасау
және туысқа қарайласпау (болып табылады)»
(Әбу Дәуіт, Әдеп 43; Тирмизи,
Қиямет 57; ибн Мәжә, Бирр 16)
.
«Әрбір жұма күні адам баласының амалдары Аллаһ Тағалаға
көрсетіледі. Алайда туыстарымен қатынасты үзген жанның амалдары
қабыл етілмейді»
(Ахмед II, 484)
.
«Жер жүзіндегі кез келген мұсылман Аллаһтан бір нәрсе тілесе, (әрі
ол тілеуден кейін) күнә істеуден яки туыстарымен қатынасты үзуден
аулақ болып жүрсе, Аллаһ Тағала міндетті түрде оған тілегенін береді.
Немесе оның тілеуінің мөлшеріндей жамандықтан сақтайды»
(Тирмизи,
Дағауат 115/3573; Ахмед III, 18)
.
«Туыстарымен қатынасты үзген жан пейішке кірмейді»
(Бұхари, Әдеп
11; Мүслим, Бирр 18, 19)
.
Осы аяттар мен хадистер туыстық қатынастың маңыздылығын
көрсетеді. Маңыздылығы соншалық, туыстар мұсылман болмаған күннің
өзінде, олардың белгілі деңгейде құқықтары бар. Өйткені Құран Кәрімде,
мұсылмандықты қабыл етпеген әке-шешеге игілік жасау, жақсы мәміле
көрсету айтылған
173
.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) пайғамбарлық келместен бұрын көкесі Әбу
Тәліптің материалдық әл-ауқаты төмен болатын. Өзі шеттей бала-
173. Лұқман сүресі, 10-аят.