(
302
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
келгенде өлшеу жоқ еді, алайда бұл басқалармен кездескенде болмай-
тын. Халімді Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) баяндадым. Маған: «Истиғфар
тұрғысынан қандайсың? Бұл кеңшілігіңнің кешірілуі үшін күніне жетпіс
мәрте истиғфар ет» - деді
(Ибн Мәжә, Әдеп 57)
.
***
АллаһЕлшісі(с.а.у.)азатеткенРаджбылайдейді:«Пайғамбарымыздан:
«Ей, Аллаһтың Елшісі біздің балалардан алар ақымыз секілді олардың
да бізден алар ақылары бар ма?» - деп сұрадым. Былай деді:
«Баланың
әкеден алатын ақысы оған жазу жазуды, жүзуді, садақшылықты үйретуі
және адал мал тауып тамақтандыруы»
(Бәйхақи, Шуғаб ҮІ, 401; Әли Әл-
Муттақи ХҮІ, 443)
.
Яғни, әкенің материалдық тұрғыдан қазіргі таңдағы шарттарға қарай
болашаққа дайындауы, әрі рухани тұрғыдан жан сарайына сызат түспеуі
үшін адал рызықпен тойдыруы қажет. Бұл тақырып жайлы мынандай
хадис-шәріптер бар.
«Баланың әкеден алар ақысы оған жақсы ат қоюы, уақыты келгенде
үйлендіруі және жазу жазуды үйретуі»
(Әли Әл-Муттақи ХҮІ, 417)
.
Өмірде оған құрметті дәрежеге жетуіне септігін тиг зу және оған
жақсы тәрбие беруі
(Бәйхақи, Шуғаб ҮІ, 401-402)
.
«Ұл балаларыңа жүзуді және оқ атуды, ал қыздарыңа жіп иіруді
үйретіңдер»
(Суннат ІІ, 52)
.
Ахзап сүресінің:
«Ей, пайғамбардың әйелдері! Сендер өзге
әйелдер секілді емессіңдер. Егер Аллаһтан қорықсаңдар, қылымсып
сөйлемеңдер. Жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленіп қалады. Әрі
жақсы сөз айтыңдар. Үйлеріңде отырыңдар. Ескі қараңғылық дәуірде
болғаны сияқты әсемденіп далаға шықпаңдар. Намаз оқыңдар, зе-
кет беріңдер және Аллаһқа әрі Оның пайғамбарына бағыныңдар. Әй,
пайғамбардың үй іші шын мәнінде Аллаһ сендердің күнәларыңды
кешіріп өздеріңді тап-таза етуді қалайды»
(Ахзап сүресі, 32-33 аятттар)
деген
аяттар түскенде Аллаһ Елшісі шамамен алты ай таң намазына барғанда
Хазірет Фатиманың үйіне барып күні бойы істеген істен шаршағанын
ойлап, қалайда оларды ескерту ниетінде: «Намазға тұрыңдар ей, Әһлі-
Бәйт! (Пайғамбардың жақын туыстары, үй іші) Аллаһ сендердің
күнәларыңды кешіріп өздеріңді тап-таза етуді қалайды» - деп айтатын
(Тирмизи, Тәпсір 33/3206)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) кейбір түндерде Хазірет Әли мен Фатиманың
есігін қағып:
«Намаз оқымайсыңдар ма?»
- деп айтатұғын
(Бұхари, Таһажжуд
5)
.
***