Previous Page  298 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 298 / 462 Next Page
Page Background

(

298

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Кез келген мүмин әйелін жек көрмесін! Оның бір мінезін жек көрсе,

басқа бір мінезін жақсы көреді»

(Мүслим, Радағ 61)

.

Жанұя өмірінде махаббат, рақымдылық және мейірімділік сезімдері

алда болуы қажет. Отбасы тіршілігінде ақылдарын жүректерінен жоғары

қойған жандар, құрғақ бірге болудан басқа ешнәрсеге қол жеткізбейді.

Мұндайлардың үйлері жанұя болудан шығып, тек қабырғалардан

тұратын үйге айналады. Кісі жанұя ішінде кешірімшіл және момын бо-

луы қажет. Кісі ашуына мінгенде кез келген нәрсеге ант етіп, кейін оның

жақсылыққа апармайтындығын түйсінген де, дереу одан бас тартып,

антының каффаратын өтеуі тиіс.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:

«Мен, Аллаһ қалап, уаллаһи деп бір іс жайында ант етемін. Кейін

одан қайырлысын (жақсы) көргенімде антымның каффаратын өтеп,

әлгі қайырлырақ болғанды жасаймын»

(Бұхари, Айман 1, Каффарат 10; Мүслим,

Айман 7)

.

Дәл осылай істемей, кісінің жанұясына қайырлы болмаған бір антты

жалғастыруы, оны Аллаһ құзырында каффаратын өтеп, антынан бас тар-

туынан артық күнәһар етеді.

165

Жанұя ішінде әйелдің тақуалығы мен туралығы күйеуін, балала-

рын, туыстарын тіпті, көршілерін жақсылыққа итермелейтін болуы ке-

рек. Салиқалы әйел маңайына бақыт шашып, жәннат иісі аңқыған гүл

іспеттес.

Ғаламның мақтанышыПайғамбарымыз (с.а.у.) нендей керемет айтқан

десеңізші!

«Салиқалы әйел, күйеуі жүзіне қарағанда оны қуантады. Күйеуінің

айтқанын істейді. Әрі ол болмаған жерде дүниесін және абыройын

қорғайды»

(Ибн Мәжә, Неке 5)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) күйеулерінің құқықтарын өтеген әйелдерді мы-

надай хабармен сүйіншілеген:

«Күйеуі өзіне разы болып өлген әйел жәннатқа кіреді»

(Тирмизи, Радағ

10/1161; ибн Мәжә, Неке 4)

.

Ақылды әйел күйеуінің мінезін, дағдыларын өзінен күтетін

әрекеттерін қысқа уақыт ішінде аңғаруы тиіс. Үйінің және өзінің таза әрі

ретті болуына мән беруі қажет. Күйеуін әрдайым күлімісіреп қарсы алуы

керек. Таңертең жұмысқа кеткенінде дұғалар оқып шығарып салуы жөн.

«Тапқаның аз да болса, адалынан болсын! Адал жолмен не әкелсеңде

разымын деп ескерту жасауы ләзім. Жақсы әйел тамағын уақытында

165. Бұхари, Айман 1; Мүслим, Айман 26.