Previous Page  297 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 297 / 462 Next Page
Page Background

(

297

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

өздерінің сүйкімсіз екендігін айтпау. Оларды төсектерінде жалғыз та-

стау керек болса, бұл істі тек үйде жасау»

(Әбу Дәуіт, Неке 40, 41; ибн Мәжә,

Неке 3)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) отбасының ырыздығын қамтамасыз ету үшін

қанша керек болса, сонша еңбектенген. Бұл жолда жасалған еңбектің

құлшылық пен инфаққа жататындығын айтып өткен.

«Аллаһ жолында сарп еткенің, құл азат етуге жұмсағаның, пақырға

садақа ретінде бергенің, жанұя мұқтаждықтарын өтеуге жұмсаған

қаражатың бар ғой! Міне, бұлардың ішінде ең көп себепкер болатыны

жанұяға жұмсағаның»

(Мүслим, Зекет 39)

.

Бұл сүйінішті хадис-шәріп Раббымыздың мүминдерге деген үлкен

жақсылығы, орасан игілігі. Хақ Тағала құлдарының адалдан мал табула-

рын әмір етеді. Кісі, жанұясының ырыздығын адалынан табуға тырысып

жүргенде, ешкімге мұқтаж болмайтындығын, әрі сауап жинап ақыретке

дайындық жасап жатқандығын ойлап рахатқа бөленеді. Әрі жандүниесі

тынышталады. Жанұя мүшелері жаратылыстарына және жағдайларына

қарай отбасы міндеттерін өзара бөлісіп алулары қажет.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жанұя істерін бөлгенінде қызы Фатимаға үй

істерін атқаруды, ал, күйеу баласыХазіретӘлиге түздегі істерді атқаруды

өсиет еткен.

164

Әкенің тауып берген үйі, яки жалға алынған немесе өзінікі болсын

жанұя мүшелеріне толықтай баспана болатын кеңдікте болғаны жөн.

Сонымен қатар жақсы бір ортада, жақсы көршілердің арасында болуын

қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ әке киім тұрғысында өзіне, әйеліне

және балаларына қыстық-жаздық, ең азында екі киім әзірлеуі ләзім.

Жұма күні мейрам күндері, той секілді қуанышты күндерде киетін ар-

найы киім тіктіру де күнә емес.

Үй иесі әйелінің хабарынсыз ұзақ сапарға шықпауы керек. Үйге ха-

бар салмастан және кім екендігін білмейтін қонақтарды әкелмеуі керек.

Әйелінен шариғаттан тыс намахрам (үйленуіне болатын) жандардың

арасына кіріп-шығуын, қызмет етуін талап етпеуі қажет. Жанұясын

мүмкіндігінше аралас-құралас орталардан ұзақ ұстауы қажет.

Әкенің жанұя мүшелеріне үлгі болуы ләзім. Әрі жақсы мәміле жа-

сауы тиіс. Хадис-шәріптерде былай деп айтылған:

«Сендердің ең қайырлыларың – жанұя мүшелеріне қайырлы

болғандарың. Сендердің араларыңдағы жанұясына ең қайырлы жан

менмін»

(Тирмизи, Манақиб 63/3895; ибн Мәжә, Неке 50)

.

164. Касани, Бәдаиғус-Санай фи Тәртибиш-Шәрағи, Бейрут 1982, ІV, 24.