(
292
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жөн шығар.
161
***
Бір күні Пайғамбарымыз отыр еді сүт әкесі қасына келді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған құрмет көрсетіпшапанының бір шетін төсеп
соған отырғызды. Көп уақыт өтпей сүт анасы да келді. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) шапанының екінші етегін төсеп оны да отырғызды. Біраз уақыт
өткен соң сүт бауыры келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) орнынан тұрып оны
да алдына отырғызды
(Әбу Дәуіт, Әдеп 119-120/5145)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сүт туысқандарының құрметіне Хұнайнда
тұтқындалғандардан өз үлесіне тиесілілерге бостандық беріп, азат
етті. Сахабалар да бұл ізгі амалдан өз нәсіптерін алулары үшін шын
көңілдерімен: «Біз де өз тұтқындарымызды Аллаһ Елшісіне тарту
еттік!» десті.
162
Осылайша бұл күні алты мың тұтқын еш төлемақысыз
азат етілді.
***
Хазірет Әбубәкірдің (р.а.) қызы Әсма (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) көзі тірісінде, мұсылмандықты қабыл
етпеген анам үйіме келді. Мен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) бұл жайлы
пікірін білмекші болып: «Анам мені сағынып келіпті. Оған сый-құрмет
көрсетейін бе?» - деп сұрадым.
Пайғамарымыз (с.а.у.): «Иә, анаңа жақсы мәміле жаса!» - деп жауап
берді»
(Бұхари, Хиба 29, Әдеп 8; Мүслим, Зекет 50)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) күллі саналы ғұмырында туыстарына,
жақындарына ерекше мәміле көрсеткен.
Хазірет Әлидің (р.а.)
насы Фатима бинти Әсет (р.а.)
Пайғамбарымыздың балалық шағында оған өз шешесі іспетті қызмет
етті. Осы салиқалы әйел бақилық болғанда, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жаназа-
сына келеді. Бас жағына отырып, оның жасаған игіліктеріне тоқталады.
«Уа, анам! Аллаһ саған мейірімділік танытсын! Сен менің өз анам-
нан кейінгі анам едің! Өзің аш қалсаң да, мені тойындыратын едің. Өзің
кимесең де, маған киім кигізуші едің. Өзіңді тәтті тағамдардан мақұрым
етіп, маған жегізуші едің! Бұлардың баршасын тек Аллаһ разылығы үшін
және ақыретте сауабын аламын деген ниетпен жасаушы едің!
Артынша Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жаназаның үш мәрте жуылуын әмір
161. Бірақ парыз болған жихадты орындаймын деген адамға ата-ананың рұқсаты шарт
емес. Ата-анасы кәпір болғандар да парыз болсын нәпіл болсын жихадқа шығулары үшін
олардан рұқсат алулары мәжбүр емес.
162. Бұхари, Мәғази 54; ибн Хишам ІV, 134-135.