(
288
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қалада тұрып жатқанның өзінде жиі-жиі келіп зиярат етіп тұрғандары
жөн. Ақ батасын алуға тырысу керек. Оларға қызмет етіп, жылы сөз
сөйлеп, шат-шадыман етулері керек. Ұлы Раббымыз оларға титтей де
қарсы шығуымызға яки наразылық көрсетуімізге тыйым салады.
«
(Уа, Мұхаммед!)
Раббың, тек өзіне құлшылық етулеріңді, әрі
әке-шешеге жақсылық жасауларыңа әмір етті! Егер екеуінің біріне
яки екеуіне бірдей кәрілік жетсе, ешқашан
(тіпті)
«уф» деп айтпа!
Екеуіне де зекіме!
(Сондай-ақ)
екеуіне де жылы сөз сөйле! Оларға
қарапайымдық пен мейірім қанатын жай!
(Сонымен қатар)
Уа, Раббым!
Ол екеуі мені балалық шағымда тәрбиелегені секілді, сен де оларға
мейірімділік таныт!» - деп дұға ет!»
(Исра сүресі, 23-24 аяттар)
.
Ата-анаға қызмет жасау, аса игі іс болып табылады. Осындай
мүмкіндікті пайдалана алмағандар кейін опық жейді. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) былай дейді:
«Ата-анасына яки олардыңтек біреуінежасы ұлғайғаншағынажетіп,
пейішке кіре алмаған жан құрып кетсін! Құрып кетсін, құрып кетсін!»
(Мүслим, Бирр 9, 10)
.
Есепсіз игілік жасаса да, ата-анасының ақысын өтемегендердің өзге
жандарға игілік жасауы ақылға қонымсыз дүние. Сол себепті мұндай
жандардан жақсылық күтуге болмайды.
Ата-ананың дұғасы міндетті түрде қабыл болады. Олардың ақ бата-
сын алуға күш салу қажет. Теріс батасынан сақтану керек. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) хадистерінде былай дейді:
«Қабыл болуында күмән жоқ, үш дұға бар.
(Олар): Әкенің баласына жасаған дұғасы, қонақтың дұғасы және
жәбірленушінің дұғасы»
(Әбу Дәуіт, Уитр 29/1536; Тирмизи, Бирр 7/1905, Дағауат
47; ибн Мәжә, Дұға 11)
.
«Әкенің баласына жасаған дұғасы, пайғамбардың үмбетіне жасаған
дұғасы секілді»
(Суюти II, 12/4199)
.
Ананың дұғасы әкенің дұғасынан мәртебесі артық. Сол себепті хадис-
шәріптерде айтылуы қажет деп табылмаған.
Иә, әке-шешеге қарсы шығудың үлкен күнәлардың қатарына
кіретіндігі де осыған айғақ шығар.
Нұфай ибн Харис (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайында отырған бізден: «Үлкен
күнәлардың ең ауырын сендерге айтайын ба?» - деп үш мәрте сұрады.
Біз: «Иә, айтыңыз! Аллаһтың Елшісі!» - дестік.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы шығу»
,