(
287
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
деп шыр-пыры шыққан ананың ақысын өтеу мүмкін бе? Бұл ақиқатты
Хазірет Мәулана былай деп жеткізеді:
«Ана ақысына ерекше көңіл бөл! Оны басыңның тәжісі ет! Өйткені
аналар босанғанда қиналмағанда, бала шығар жол таппас еді».
Хақ Тағала Құран Кәрімде әуелі өз ақысынан кейін, ата-ананың
ақысына тоқталып, оларға жақсы мәміле жасауды әмір етеді:
«Аллаһқа
құлшылық етіңдер! Оған еш нәрсені ортақ етпеңдер! Сондай-ақ әке-
шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, ұзақ
көршіге, жақын жолдасқа, жолаушыға, қол астыңдағыларға жақсы
мәміле жасаңдар!»
(Ниса сүресі, 36-аят)
.
«Адам баласына әке-шешесіне жақсы мәміле жасауын өсиет еттік.
(Өйткені)
анасы оны, нендей қиыншылықтарға
(төтеп беріп, қарнында)
тасыды.
(Баланы)
сүттен айыру, екі жылдың ішінде
(жүзеге асады)
.
(Сол себепті адам баласына)
: «Әуелі маған, кейін әке-шешеңе шүкір
ет! -
(деп өсиет еттік)
. Сонымен қатар қайтар жақ, мен жаққа!»
(Лұқман
сүресі, 14-аят)
.
Хақ Тағала өзінің разылығын ата-ананың разылығына негіздеген.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Аллаһ Тағаланың разылығына, ата-ананы разы етумен қол жетеді.
Аллаһ Тағаланың азабы, ата-ананы ашуландырудан туады»
(Тирмизи,
Бирр 3/1899)
.
Ғаламның мақтанышыПайғамбарымыз (с.а.у.) төмендегі мына дұғасы
кез келген мүмин үшін үлкен сүйініш:
«Ата-анасынажақсылықжасағанжан нендей бақытты! Аллаһ Тағала
оның өмірін ұзақ етсін!»
(Хайсами VIII, 137)
.
Ата-ананың ақысын өтеу мүмкін емес. Хадис-шәріпте былай
делінген:
«Ешбір бала әкесінің ақысын өтей алмайды. Тек әкесі құл болып, оны
азат етсе ғана, әкелік ақыны өтейді»
(Мүслим, Ғитқ 25; Әбу Дәуіт, Әдеп 119-120;
Тирмизи, Бирр 8/1906)
.
Сол себепті игілікті әуелі ата-анадан бастау қажет. Кейін өзге
жандарға да қолғабыс беру керек. Бұл жайында Аллаһ Тағала Құран
Кәрімде былай дейді:
«Қандай да бір игілікке мал сарп етуге бел байласаңдар, әке-
шешеге, жақын туыстарға, жетімдерге, міскіндерге, жолаушыларға
сарп етіңдер! Шүбәсіз Аллаһ, жасаған барша игіліктеріңнен хабардар
болады»
(Бақара сүресі, 215-аят)
.
Перзент, ата-анасына құрмет көрсетулері қажет. Бұл міндет. Басқа