(
290
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Әбу Һұрайра (р.а.) былайша баян етеді:
«Бір кісі Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп:
– Жақсы мәміле жасауыма әуелі кім лайықты, - деп сұрады. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.):
– Анаң (лайықты), - деп жауап берді. Сахаба:
– Одан кейін кім (лайықты)? - деп сауал қойды. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.):
– Анаң (лайықты), - деп жауап берді. Сахаба қайтадан:
– Одан кейін кім (лайықты)? - деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
– Анаң (лайықты) - деп жауап берді. Сахаба:
– Одан кейін кім (лайықты)? - деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл
жолы:
– Әкең (лайықты), - деп жауап берді»
(Бұхари, Әдеп 2; Мүслим, Бирр 1)
.
Басқа риуаятта әлгі сахаба: «Уа, Аллаһтың Елшісі! «Жақсы мәміле
жасауыма кім лайықты», - деп сұрайды.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Анаң, кейін анаң, кейін тағы да анаң! Содан соң
әкең. Содан кейін ең жақын туысың», - деп жауап береді
(Мүслим, Бирр 2)
.
***
Абдулла ибн Масғұд (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Аллаһ Елшісінен (с.а.у.):
– Аллаһтың ең жақсы көретін амалы қандай? - деп сұрадым. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.):
– Уақытында оқылған намаз, - деп жауап берді. Мен:
– Одан кейін қандай амал келеді? - деп сауал қойдым. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.):
– Ата-анаға игілік жасау. Әрі айтқандарын тыңдап, бағыну, - деп жау-
ап берді. Мен қайтадан:
– Одан кейін қандай амал? - деп сұрадым. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
– Аллаһ жолында күресу, - деп жауап берді»
(Бұхари, Мауақит 5, Жиһад 1;
Мүслим, Иман 137-139)
.
***
Бибі Айша (р.а.) былай деп жеткізеді:
«Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) бір кісі келді. Жанында жасы ұлғайып қалған
кісі бар еді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Уа, пәленше! Жаныңдағы кім?» - деп