(
286
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
леге дейін автобусқа мінудің орнына, одан бас тартып жаяу баратын. Ал
билет ақшасын инфақ ететін.
Ұлыларымыздың құл ақысына деген мұқияттылығы біз үшін әрқашан
таптырмайтын үлгі болмақ.
***
Қысқасы, мұсылман әрдайым ақыретті ойлап ғұмыр кешуі қажет.
Ешбір жанның ақысын жемей дүниеден өткені абзал. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) былай дейді:
«Мұсылман, өзге мұсылмандардың оның тілі мен
қолынан аман болған жан»
(Бұхари, Иман 4-5)
.
Бұл дүниеде кісі ақысынжегендердің қиямет күнгі халдері өте мүшкіл
болады. Сол себепті парқында болып немесе болмай кісі ақысын жеген-
дер, қысқа мерзімнің ішінде одан құтылуы абзал. Өйткені ақыреттегі
ұят пен масқаралық, бұл дүниедегіден артығырақ. Сол күн туғанда, тіпті
мүйізсіз қойдың өзі, залалы тиген мүйізді қойдан ақысын алады.
158
Сондықтан мұқияттылық пен ыждығаттылықты әуелі жақын туы-
стардан бастау қажет.
а) Әке-шеше ақысы
Құл ақысының еңмаңыздыларыныңбірі әке-шеше ақысыболып табы-
лады. Аллаһқа және Оның елшісіне бас иіп бағынудан кейін, әке-шешеге
бағыну келеді. Өйткені әке-шеше бар болуымыздың басты себепшілері.
Материалдық және рухани тұрғыдан ғұмырымызды жандандыратын ізгі
жандар екендігі даусыз. Кез келген ана жүрегі мен құшағы, бала тәрбиесі
іске асатын керемет дәрісхана.
Жанұя ошағы баланың болашағын жасайтын алғашқы тәрбие
мекемесі екендігі хақ. Сондықтан әке-шешенің ақысы орасан зор.
Жақсыата-ана өскелеңұрпақүшінүлкенберекежәнеырыс. Салиқалы
ананың орны тіпті бөлек. Ол мейірімділік пен рақымдылықтың бұлағы,
жанұя өмірінің шам-шырағы.
Біздерді әуелі тоғыз ай тоғыз күн қарнында, кейін қолында, кейін
өмір бойы жүрегінде тасып өтетін аналарымыздан артық қадірлі жан
жоқ шығар ғаламда. Иә, үй шаруасы, бала тәрбиесін өз мойнына алған
аналарымыз мәңгі құрметке лайық.
Кез келген ананың рухындағы мейірімділік пен рақымдылықтың
өлшеуі бар ма екен? Өзі ішіп-жемесе де жегізген, өзі киінбесе киім
кігізген, өзі ұйықтамаса да ұйықтатқан... Үстімізге титтей тозаң түспесін
158. Мүслим, Бирр 60; Тирмизи, Қиямет 2; Ахмед ІІ, 235, 323, 372, 411.