Previous Page  283 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 283 / 462 Next Page
Page Background

(

283

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Осы өсиетін бірнеше мәрте қайталады. Кейін маған қарай бұрылып:

«Балам! Егер қарызымды өтеуге шамаң жетпесе, Мәуламнан жәрдем

сұра!», - деді.

Уаллаһи, не айтқысы келгендігін толығымен аңғармағандықтан:

«Әкешім! Мәулаң

155

кім?» - деп сұрадым.

Ол: «Мәулам, Аллаһ», - деп жауап берді.

Аллаһқа ант етейін, оның қарыздарын өтеуге қиналғанымда: «Уа,

Зұбайырдың Мәуласы! Оның қарызын өте», - деуші едім. Шынымен-

ақ Хақ Тағала (қандай да бір себеп арқылы) қарызын тез арада өтеп

жіберетін.

Зұбайыр, алтын яки күміс мұра етпестен көз жұмды. Тек Ғаба деп ата-

латын жерде бір жер мен бірнеше үй қалды.

Әкемнің қарыздары былай жинақталған болатын. Біреу оған келіп,

аманат қалдырғысы келсе әкем Зұбайыр: «Жоқ! Аманат ретінде қабыл

етпеймін! Бірақ қарызға беріп кет. Өйткені оның жоғалып кетуінен

қорқам дейтұғын.

Зұбайыр ешқашан мемлекеттік қызмет атқармаған жан еді. Тек

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Әбубәкір, Омар, Оспандармен бірге жиһадқа барып

тұратын.

Әкемнің қарыздарын есептесем, екі миллион екі жүз мыңға жетіпті».

Біраз уақыт өткеннен кейін, Хаким ибн Хизам (р.а.) Абдулла ибн

Зұбайырға жолығып: «Уа, бауырымның ұлы! Бауырымның қарызы

қанша?» - деп сұрайды.

ҚарыздыңмөлшерінестігенХаким:«Бұғаншамаңжетпес.Мұқтаждық

туып жатса, менен көмек сұра», - дейді.

Зұбайырдан алар төрт жүз мың қарызы бар Абдулла ибн Жағпар

(р.а.), Зұбайырдың ұлы Абдуллаға жолығып: «Қаласаң, қарызымды алу-

дан бас тартайын», - дейді.

Абдулла: «Жоқ!» - деп жауап береді.

Мұны естіген Абдулла ибн Жағпар (р.а.): «Егер қарыздардың бір

бөлігін кешіктіріп беруді ойлап жүрсеңдер, менікін кешіктіре беріңдер!»

- дейді.

Абдулла: «Жоқ! Мұны ойлап жүргеніміз жоқ!» - дейді.

Абдулла ибн Зұбайыр (р.а.) әкесінің қарыздарын өтеп біткенде, бау-

155. Мәула – Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі. Сондай-ақ қорғаушы, жәрдем беруші,

қожайын, дос, құлын азат еткен қожайын, азат етілген құл мен қожайынның арасындағы

келісім тараптарының бірі деген мағыналарда жиі қолданылатын сөз.