(
279
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
нымды қолында ұстап тұрған Аллаһқа ант етейін, Хайбар олжасы тара-
тылмастан бұрын бір кілем ұрлап алған еді. Дәл қазір сол кілем оның
үстінде лапылдап жанып жатыр», - деді.
Мұны естіген мұсылмандар қатты қорықты. Артынша бір кісі бір не-
месе екі аяқкиімнің бауын Аллаһ Елшісіне алып келіп: «Уа, Аллаһтың
Елшісі! Мен олжаға түскен дүние үлестірілместен бұрын аяқиімім үшін
мына бауды алған едім», - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Сағанда жәһаннам
отынан бір бау немесе екі бау бар (яғни мына баудың кесірінен азап
тартасың)», - деді
(Бұхари, Айман 33; Мүслим, Иман 183)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сапар шеккенде жүктеріне жәрдем ететін
Киркира атты кісі болатын. Бұл кісі қайтыс болды. Мұны естіген Аллаһ
Елшісі (с.а.у.): «Ол тозақта», - деді. Сахабалар әлгі кісінің үйіне барып,
заттарына көз жүгіртті. Заттардың ішінен олжадағы дүниеден ұрлап
алынған шапан тауып алды
(Бұхари, Жиһад 190; ибн Мәжә, Жиһад 34)
.
***
Мекке бағындырылғаннан кейін Халид ибн Уалид (р.а.) «ұзза» пұтын
қиратып қайтты. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оны 350 кісілік әскерге қолбасшы
етіп, исламға дағуат ету үшін Бану Жазима руына жіберген еді. Хазірет
Халид (р.а.) жаңылысып, отыз кісінің өліміне себепкер болды. Бұл
қайғылы уақиға Пайғамбарымызға (с.а.у.) жеткенде қатты қайғырды.
Қолдарын аспанға көтеріп: «Аллаһым! Халидтің істеген ісіне қатысым
жоқ екендігін саған айтамын», - деп Аллаһқа сыйынды. Кейін Хазірет
Әлиге (р.а.) қыруар қаржы беріп, Бану Жазима руына жіберді. Хазірет
Әли (р.а.) өлген кісілердің құнын төледі. Сонымен қатар Әли (р.а.)
олжа ретінде алыған дүние-мүліктің яки зиянға ұшыраған барша дүние-
мүліктің тіпті иттіңитаяғына дейінқұнын төлепшықты. Артылыпқалған
қаржыны залалы тиді-ау деген істер үшін Бану Жазима руына тастап
кетті. Хазірет Әли (р.а.) Мәдинаға кері қайтып, істеген ісін толықтай
баяндады. Мұны естіген ғаламның рақым нұры Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Дұрыс істепсің. Ойдағыдай атқарыпсың», - деді.
153
***
Әбу Зураға (р.а.) былай деп әңгімелейді:
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Тайыфқа сапар шеккен еді. Қарны-Маназил
деген жерден шыққанымызда түйесіне мінгісі келді. Мен «қасуаны»
әзірлеп тізгінін ұстап тұрдым. Аллаһ Елшісі түйеге мінгеннен кейін
тізгінді өз қолына бердім. Өзім артына мінгесіп алдым. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) түйені жылдам жүргізу үшін қамшылап отырды. Қамшылаған
153. Бұхари, Мәғази 58, Ахкам 35; Нәсай, Әдәбул-Қудат 16; ибн Хишам IV, 53-57; Уақиди
ІІІ, 875-884.