Previous Page  274 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 274 / 462 Next Page
Page Background

(

274

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

(Ал ақиқатына жүгінсек) бұл, қиямет күні оларға оттан өзге еш нәрсе

емес»

(Бұхари, Хумус 7)

.

«Кімде-кімде дін бауырының абыройына, намысына яки дүние-

мүлкіне қатысты зұлымдығы болса, алтын мен күміс болмайтын қиямет

күні келмей тұрып, ол кісіден адалдық сұрасын (яғни, кешірім сұрасын).

(Бұлай істелмеген күнде) өзінің игі істері болып жатса, содан жасаған

зұлымдығының мөлшеріндей сауап алынады (зұлымдыққа ұшыраған

кісіге беріледі). Ал игі істері болмай жатса, өзі зұлымдық жасаған дін

бауырының күнәларынан алынып, оған беріледі»

(Бұхари, Мазалим 10, Риқақ

48)

.

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларымен отырғанда: «Мұфлистің

кім екенін білесіңдер ме?» - деп сұрайды. Сахабалар: «Біздің пікірімізше

«мұфлис» деген, қаражаты мен дүние-мүлкі жоқ кісі», - деп жауап

береді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:

«Күмәнсіз үмбетімнің мұфлисі мынадай кісі: Қиямет күні туғанда на-

маз, ораза және зекет сауабымен (Хақ Тағаланың құзырына) келеді. Бірақ

мынаны балағаттағаны үшін, анаған зина жасады деп жала жапқаны

үшін, ананың малын жегені үшін, мынаның қанын төккендігін үшін, мына-

ны ұрғандығы үшін істеген игіліктерінің сауабы анаған-мынаған беріледі.

Құл ақысын өтеместен, сауабы таусылып жатса, (өзі зұлымдық жа-

сап) зұлымдыққа ұшыраған жандардың күнәлары беріледі. (Осылайша)

соңында тозаққа түседі»

(Мүслим, Бирр 59; Тирмизи, Қиямет 2; Ахмет II, 303, 324,

372)

.

Құл ақысын жеудің ең қорқынышты түрі, өсім алу болып табыла-

ды. Мұндай зұлымдықты жасағандарға Аллаһ Тағала күйзелтуші азап

әзірлейді.

148

Өсім жегендер шындығын айтсақ Аллаһқа және Оның

Елшісіне (с.а.у.) соғыс ашады. Қиямет күні қабірлерінен шайтанның шы-

лауына оралып, есеңгіреген кісі секілді оянады. Иә, өсім жейтіндер сырт

көзге керемет ақша тауып жатқандығы көрініп тұрса да, ақиқатын айтсақ

Аллаһ Тағала оның берекесін алып қояды. Түптеп келгенде жоқ етеді. Ал

адал жолмен істелген сауда-саттықтың берекетін арттырады. Сонымен

қатар ол, өсім жейтін құлдарын жақсы көрмейді.

149

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дегеніне сүйенсек, өсім адамның түбіне жетеді.

Күнаға батыратын жеті күнәнің бірі болып табылады.

150

Өсім жеген,

арадағы келісім-шартты жазған хатшы, оған қоса куә болғандар Аллаһ

148. Ниса сүресі, 161-аят.

149. Бақара сүресі, 275-279 аяттар; Рум сүресі, 39-аят.

150. Бұхари, Уасая 23, Тыб 38, Худуд 44; Мүслим, Иман 145.