Previous Page  273 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 273 / 462 Next Page
Page Background

(

273

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хақ Тағала Құран Кәрімде:

«Аллаһтың сендерді кешірулерін жақсы

көрмейсіңдер ме?»

- дейді

(Нұр сүресі, 22-аят)

.

3. Құл ақысынжемеу

(өзгенің ақысына қол сұқпау)

Аллаһ Тағала адам баласын ең көркем пішінде жаратқандығын Құран

Кәрімде тілге тиек етеді.

147

Мұнымен шектеліп қалмай оған сансыз

нығметтер нәсіп етті. Біршама құқық берді. Осы құқық негізін сақтау

үшін көптеген қағидалар, ережелер қойды.

Хақ Тағала берген құқықты таптап, құл ақысын жеу үлкен кәнәға жа-

тады. Ұлы Раббымыз құл ақысынан өзге күнәнің барлығын кешіреді. Ал

құл ақысының өтеуін зұлымдыққа ұшыраған жанның қолына береді. Сол

себепті тәубе етіп, құл ақысын өтеуге ниеттенген кісі әуелі, зұлымдық

жасап, ақысын жеген жаннан кешірім сұрауы тиіс.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:

«Шәһиттің құл ақысынан өзге барша күнәсін Аллаһ Тағала кешіреді»

(Мүслим, Имара, 119)

.

Жанын Аллаһ жолында құрбан еткен шәһиттің халі осындай болып

жатса, басқалардың халі қандай болмақ? Хақ Тағала құл ақысын жеуге

тыйым салады. Құран Кәрімде мүминдерге былай деп ескерту жасайды:

«Өз араларыңда дүние-мүліктеріңді теріс жолмен жемеңдер! Соны-

мен қатар, біле тұра теріс жол арқылы адамдардың дүние-мүлкінің бір

бөлігін жеп қалу үшін билерге (пара) бермеңдер!»

(Бақара сүресі, 188-аят)

.

«Уа, иман келтіргендер! Өзара разылық арқылы жүзеге асатын

сауда-саттықтан тыс, өз араларыңда дүние-мүліктеріңді теріс жол

арқылы жемеңдер!»

(Ниса сүресі, 29-аят)

.

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағы сахабаларға қарап:

«Жалған ант ішіп, мұсылманның ақысынжегенгеАллаһТағалажәннатты

харам етеді. (Ал) тозақты парыз етеді», - дейді.

Сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Болмашы нәрсе болса ше?» - деп

сұрайды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Арақ ағашынан бір шыбық болсадағы», - деп

жауап береді. Әрі Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл сөзін үшмәрте қайталайды

(Мүслим, Иман 218; Муатта, Ақдия 11)

.

Құл ақысын жеп, сормаңдай болған жанның қияметтегі аянышты

халін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай деп суреттейді:

«Кейбір жандар Аллаһтың мүлкіне қол сұғып, дүние жинауға кіріседі.

147. Исра сүресі, 70-аят; Тин сүресі, 4-аят.