Previous Page  277 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 277 / 462 Next Page
Page Background

(

277

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бағалар көтеріліп кетті. (Дүние-мүліктің) бағасын бізге қойып беріңіз»,

- деп өтінді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Бағаны қоятын Аллаһ. Ризықты молайтатын

яки азайтатын да сол. Ал мен, ешбір жан менен қан немесе дүние-мүлік

жайында ақы сұрамастан Аллаһқа қауышуды қалаймын»

, - деді

(Әбу Дәуіт,

Буюуғ 49/3451; Тирмизи, Буюуғ 73/1314)

.

***

Мұсылмандар Хайбар жорығына дайындық жүргізіп жатқан бола-

тын. Бұл әрекет Мәдинадағы яһудилердің көңілінен шықпады. Аллаһ

Елшісінің Қайнуқа, Надыр және Құрайза яһудилерін жеңгені секілді

Хайбар яһудилерін де жеңетіндігін түйсінді. Дереу әрекетке көшіп,

мұсылмандарға бірді-екілі қарыз берген яһудилер жағаға жармасты.

Яһуди Әбу Шахмның Абдулла ибн Әбу Хадрадта (р.а.) алатын бес

дирһам қарызы бар еді. Қарыз, Абдулланың әлгі яһудиден жанұясына

арпа сатып алуынан туған болатын. Ол жағасына жармасқан Әбу

Шахмға: «Сен маған біраз уақыт бер! Құдай қаласа қарызымды өтеймін.

Өйткені Аллаһ Тағала пайғамбарына Хайбар олжасын уәде етті. Уа, Әбу

Шахм! Біз Хижаздың ең жемісі мол, қазынасы байлыққа толы қаласына

аттанып барамыз», - деді.

Яһуди Әбу Шахмның ызасы арта түсіп: «Сен, Хайбар яһудилерін,

бұрыннан соғысып көрген арабтарың деп тұр мысың? Тәуратқа ант

етейін! Олардың қаруланған он мың жауынгері бар», - деді.

Абдулла: «Уа, Аллаһтың дұшпаны! Сен біздің қорғауымызда жүрсің!

Уаллаһи, сенің үстіңнен Аллаһ Елшісіне шағым түсіремін», - деп, оны

қолынан жетектеп Аллаһ Елшісінің құзырына келді.

Абдулла сөз алып: «Уа, АллаһтыңЕлшісі!Мына яһудидің сөзіне құлақ

салшы!» - деп, Әбу Шахмның сөздерін жеткізді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

ләм-мим деп жақ ашпады. Тек еріндері қимылдады. Не айтқандығы

естілмеді.

Яһуди сөз алып: «Уа, Әбул-Қасым! Мынау маған зұлымдық жасады.

Қарызымды өтемеді», - деп шағымданды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Абдуллаға бұрылып: «Бер мынаның ақысын!»

- деді.

Абдулла өзінің пақыр екендігін, Хайбар олжасынан қарызын

өтейтіндігін жеткізді. Алайда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) айтқан сөздерін екі

мәрте қайталады. Мұны естіген Абдулла орнынан тұрып, базарға бет

алды. Үстіндегі киімін шешіп, сәлдесін үстіне орап алды. Яһудиге қарап:

«Мына киімімді сатып ал!» - деді.

Яһуди киімді төрт дирһамға сатып алды. Артынша Абдулла (р.а.)

қалған қарызын да өтеді

(Ахмет III, 423; Уақиди II, 634-635)

.