Previous Page  280 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 280 / 462 Next Page
Page Background

(

280

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сайын қамшының ұшымаған тиіп отырды. Маған бұрылып қарап: «Саған

қамшы тиіп келе ме?» - деп сұрады.

Мен: «Иә! Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын», - деп жауап

бердім. Жиранаға келіп жеткенімізде бір бұрышта иіріліп тұрған ұсақ

малды көрдік. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) олжа дүниенің басында жүрген

қызметкерден ұсақ мал жайлы сұрады. Қызметкер керекті мағлұматты

берді. Кейін Аллаһ Елшісі: «Әбу Зураға қайда?» - деп айқайлады.

Мен: «Мұндамын», - деп қасына келдім. Ол: «Мына ұсақ малды сен ал.

Кешкісін тиген қамшының құны ғой», - деді. Малды санап шықтым. Жүз

жиырма бас екен. Менің қолыма тиген әрі ең көп пайдаланған малым

осы ұсақ мал еді

(Уақиди III, 939)

.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл ұсақ малды, өзінің

пайына түскен олжадан берген еді.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қолына олжа түскенде, Біләлді (р.а.) шақыртып

алып, барша халыққа жар салдыратын. Біләлдің дауысын естіген

жорыққа қатысқан сарбаздар олжалаған дүниелерін Пайғамбарымызға

(с.а.у.) келіп тапсыратын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) алдымен бестен бір

бөлігін бөліп алып, қалғанын сарбаздарға таратып беретін. Бір күні

олжа таратылғаннан кейін, бір кісі қылдан өрілген ноқтаның жібін

Пайғамбарымызға (с.а.у.) әкеліп:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Мынау олжа ретінде қолға түскен еді, - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Сен үш мәрте айқайлаған Біләлдің дауысын есітпедің бе? - деп

сұрады. Кісі:

– Естідім, - деп жауап берді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Онда неге әкелмедің? - деп сауал қойды. Кісі болмашы нәрселерді

желеу етті. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Жоқ. Мұны мен сенен қабыл етпеймін. Қиямет күні сонымен бірге

келесің, - деді

(Әбу Дәуіт, Жиһад 134/2712)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) уақыты өтіп кеткеннен кейін әкелінген

дүниені қабыл етпеді. Өйткені ноқтаның жібінде олжаны бөліскен

сарбаздардың бірдей ақысы болатын. Сарбаздар тарап кеткеннен кейін,

олардың ондағы пайларын жеткізу мүмкін болмай қалған еді.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қайтыс болардан алдын сахабаларын жинап

алып, өсиетке ұқсас мынадай ескертулер жасаған еді.

«Уа, жарандар! Кімде-кім біреудің ақысын жесе, дереу орнын тол-

тырсын! Бұл дүниеде масқара боламын деп ойламасын! Біліп қойыңдар!