Previous Page  278 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 278 / 462 Next Page
Page Background

(

278

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Міне Аллаһ Елшісі (с.а.у.) осылайша құл ақысының өтелуіне ерекше

мән беретін.

***

Омар ибн Хаттаб (р.а.) былай деп хикая етеді:

«Хайбар ғазауатында едік. Сахабадан бір топ кісі Аллаһ Елшісіне

(с.а.у.) келіп: «Пәленше шәһит болды. Түгенше шәһит болды», - десті.

Артынша тағы бір кісінің атын атап: «Пәленше де шәһит болыпты», -

деді.

МұныестіптұрғанАллаһЕлшісі (с.а.у.): «Жоқ!Меноныолжаға түскен

дүние-мүліктен рұқсатсыз алған шапанымен бірге тозақта жүргенін

көрдім», - деді. Содан соң маған қарап: «Уа, ибн Хаттаб! Адамдарға ба-

рып: «Жәннатқа тек мүминдер кіреді», - деп жар сал», - деді.

Мен тысқа шығып: «Жәннатқа тек мүминдер кіреді», - деп жар сал-

дым»

(Мүслим, Иман 182)

.

Олжа дүниеде барша әскердің ақысыболады. Бөлісуден алдын қандай

да бір болмашы нәрсені алу күнә болып табылады.

Сонымен қатар кез келген мұсылман баласы Аллаһ және оның

пайғамбарының әміріне бас иіп, бағынуы қажет. Күллі іс-әрекетімізде

мұсылманшылықтың иісі аңқып тұру керек. Сол себепті ешқашан исла-

ми қағидаларды жадымыздан шығармағанымыз жөн.

Ислам дінінің қағидаларын өміріміздің кез келген сәтінде

қолдануымызды әмір ететін мына аятқа көз салайықшы!

«

(Уа, елшім!)

Сен, тәубе етіп сенің қасыңда болғандармен бірге,

саған әмір етілгендей туралықтан тайма! Әрі шектен шықпаңдар!»

(Хұд

сүресі, 112-аят)

.

Осы аят түскенде, қорқыныш пен мұңға батқан Пайғамбарымыздың

шашына, сақалына ақ түседі

(Тирмизи, Тәфсирус-сура 56/3297)

.

Алайда тәпсіршілердің сөзіне құлақ ассақ, пайғамбарымыздың

қайғысы өзі үшін емес, үмбеті үшін болатын. Өйткені

«

(Уа, Мұхаммед!)

сен тура жолдасың!»

деген аят түскен Пайғамбарымыз (с.а.у.), үмбетінің

осы мәселе жайында енжарлық танытуынан қорыққан еді.

***

Пайғамбарымызға(с.а.у.)қызметететінМидғаматтықаратүсті құлбо-

латын. ОныРифаға ибн Зәйд сыйға тартқан еді. Пайғамбармыздыңжүгін

түсіріп жатқанда, қай жерден атылғандығы, кім атқандығы белгілісіз бір

оқ тиіп көз жұмды. Мұсылмандар: «Әй, Мидғам! Жәннаттық болуың

құтты болсын. Уа, Аллаһтың Елшісі! Қызметшіңнің жәннаттық болуы

құтты болсын», - десіп өздерінің жәннатқа деген ыстық сағыныштарын

білдіріп жатты. Мұны естіген Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Жоқ олай емес. Жа-