Previous Page  275 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 275 / 462 Next Page
Page Background

(

275

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Тағаланың лағнетіне ұшырайды.

151

Өсім арқылы көбейген дүние,

түптеп келгенде жоқ болып кетеді.

152

Өсім жегендердің аянышты халі

Пайғамбарымызға (с.а.у.) көрсетілген. Тіпті хадистерде олардың қып-

қызыл (болып ағып жатқан) өзенде тас шайнап жүзіп жүргендіктері

айтылған

(Бұхари, Тағбир 48)

.

Құл ақысын жеу сауда-саттықта молынан кездеседі. Хақ Тағала бы-

лай деп ескерту жасайды:

«

(Уа, иман келтіргендер!)

Өлшегенде толық өлшеңдер! Тура тара-

зымен тартыңдар!

(Бұлай істеулерің)

һәм қайырлы һәм

(ақыретте)

нәтиже тұрғысынан жақсы

(болып табылады)

»

(Исра сүресі, 35-аят)

.

«Өлшеу мен

(таразыға)

тартқанда кеміткендерге үлкен азап бар!

Олар, адамдардан бір нәрсе өлшеп алғанда, толығымен дұрыс өлшеп

алады.

(Ал керісінше адамдарға)

өлшеп бергенде яки таразыға тартып

бергенде кемітеді. Олар,

(есеп беру үшін)

ұлы күнде

(қияметте)

қайта

тірілетіндерін ойламай ма? Ол күні, барша адамзат баласы әлемдердің

Раббысының

(құзырында)

тұрады»

(Мутаффифин сүресі, 1-6 аяттар)

.

Үмбетінің қамын жеп, мұңайатын Пайғамбарымыз (с.а.у.) әрдайым

мұсылмандарды қауіпті нәрселерден сақтандырып отырған.

АллаһТағаланыңжәне Елшісінің (с.а.у.) ескертулеріне құлақ аспай, өз

бетімен әрекет еткендердің соңы жақсы болмайды. Өйткені мазлұмның

(зұлымдыққа ұшырағанның) дұғасы міндетті түрде қабыл болады.

Құл ақысын жеудің көп салалы тармағының бірі, қоғамның ортақ

мүлкі мемлекет яки уақыф (қор) қаражатын жеу, өз пайдасына жара-

ту болып табылады. Бұл өте қауіпті. Өйткені кейін істеген ісіне өкініп,

кешірім сұрағысы келсе, кімді табады, кімнен сұрайды.

Әсіресе билік басында жүрген жандар құл ақысын жемеуге күш салуы

тиіс. Сонымен қатар даулаушы өзінің толықтай құқығы бар ма, жоқ па,

соны алдын-ала таразылауы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Мен қарапайым адаммын. Сендер дауласып менің құзырыма келіп

жатасыңдар. Бәлки араларыңдағы біреу, (сөзге ұста болып), өзге біреуге

қарағанда айтар сөзін артықтау жеткізуі мүмкін. Мен де тыңдағаныма

қарай, әлгі кісінің пайдасына шешім шығарамын. Кімде-кімнің пайдасына,

өзгенің ақысын таптап үкім шығарсам, оған тозақтың бір бөлігін бөліп

беремін»

(Бұхари, Шаһадат 27; Мүслим, Ақдия 4)

.

Сонымен қатар біреудің дүние-мүлкіне қол сұғып ұрлау, рұқсатсыз

қандай да бір нәрсені алу, кез келген жанды ренжіту, қорқыту, абырой-

151. Әбу Дәуіт, Буюғ 4/3333; Тирмизи, Буюғ 2; Ахмед І, 393.

152. Ибн Мәжә, Тижарат 58; Хаким ІV, 353/7892.