(
272
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
стайды. Бұл жолы Хақ Тағала: «Уа, періштелерім! Құлымның мойымай
қайта-қайта жасаған дұғасын қабыл еттім. Қалағанын бердім. Өйткені
құлымның бірнеше мәрте дұға етіп, ыңырсуынан ұяламын», - дейді.
Мұнан кейін шейх Сағди: «Аллаһтың игіліне қарашы! Күнәні істеген
құл, ал ұялып жүрген Хақ Тағала», - дейді.
***
Қылығы оғаш наубайшы ғұмыр кешеді. Сауда-саттық жасағандардың
арасынан бәз біреулер оған жалған ақша беріп жіберетін. Алайда ол
жалған ақша екендігін біле тұра ләм мим демейтін. Сұраған нанын
беретін. Сол маңайда тұратындардың барлығы оның бұл оғаш қылығына
таңданатын. Сырын түсінбейтін. Ажал сәті келгенде, наубайшы қолын
жайып, былай деп жалбарынады:
«Аллаһым! Көптеген жылдар бойы адамдар маған жалған ақша беріп
келді. Мен, әлгі ақшаларды олардың бетіне лақтырмадым! Сұрағанын
беріп келгендігімді білесің!
Аллаһым!Дәлқазірмен,Сеніңқұзырыңажалғанқұлшылықтарыммен
келемін. Оларды бетіме баспа!».
Тоқсан сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, айыпты жасырушылық
мұсылмандықтың басты ерекшелігі болып табылады. Иә, көбінесе
жамандықтарды жария етудің пайдасы болмай жатады. Керісінше за-
лалы мол болмақ. Ал егер жасырсақ, мұның пайдасы тиері хақ. Мұндай
әрекет қателіктердің жойылуына, көңілде кірбің ұялатуға кедергі бола-
ды. Сонымен қатар кешірімшілдік адамдарды тәрбиелеуде ықпалы мол
әдіс.
Әрбір адамның қателігі мен кемшілігі болады. Өзгенің қателігімен,
кемшілігімен айналысып, өзін ұмытқандардың халі нендей күлкілі! Ал
өз-өзін есепке тартыпжүрген кісі күнә атаулыдан арылып ізгі жандардың
қатарына енуі әбден мүмкін.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Өзгенің кемшіліктерімен алыспай, өз
кемшіліктерімен шұғылданған жанды сүйіншілеймін»
, - дейді
(Әли әл-
Муттақи XV, 865/43444)
.
Иә, кез келген жан қателігінің кешірілуін, ұмытылуын қалары хақ.
Ар азабынан тезірек құтылып, тура жолдың даңғылына келеді.
Иә, өзінің қамын осылайша ойлап, алайда өзгенің кемшілігін іздеуі
нендей ынсапсыздық десеңізші!
Иә, біз бүгін қолда мүмкіншілік бар да Аллаһтың құлдарын кешірелік.
Дүние кезек демекші уағы келіп жеткенде олар бізді кешіп жатар. Яғни,
кешіре беріп, кешіре беріп кешірімге лайық күйге енелік!