(
267
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жақсылық жасау болып табылады. Өйткені мұндай ұлылық арқылы
дұшпанның дұшпандығы жойылады. Дос та емес, дұшпан да емес
ортадағы жандар достыққа бейімделеді. Ал досқа келсек, оның махабба-
ты одан сайын арта түседі.
Жүсіп (а.с.) бауырларына таңертеңнен кешке дейін салтанатты
қонақасы беретұғын. Бауырлары бұрынғы жасаған қателіктерін еске
алып, мұндай құрметке лайық емес екендіктерін ойлап, қатты ұялады.
Жүсіпке адам салып: «Сен бізге таңның атысы, күннің батысы қонақасы
беріп жатырсың! Алайда біз істеген қателіктерімізді ойлаған сайын
жанымызға батып барады», - деп сәлем айтады.
Жүсіп (а.с.) оларды былай деп жұбатты.
«Мысырлықтар дәл қазіргі уақытқа дейін мені алғашқы көрген
көздерімен қарайтын. Жиырма дирһамға сатып алынған құлды осын-
дай дәрежеге көтерген Аллаһты пәктейміз», - деп сарнайтұғын. Ал қазір
құдайға шүкір сендердің арқаларыңда үлкен абыройға қол жеткіздім.
Өйткені олар, менің сендерге туыс әрі ұлы Ибраһим пайғамбардың (а.с.)
немересі екендігімді біледі.
Ол әкесіне де: «Шайтан бауырларым мен арамды бұзды»,-деп
бауырларының мұңын азайтқан болатын. Жүсіп бұл сөздердің барлығын
бауырларының көңілін аулау үшін айтқан еді. Иә, бұл уақиға оның
кешірімшілдігінің, айыпты жасыра білу кеңдігін көрсетті. Өйткені ол,
жамандыққа жақсылық жасауды мұрат етті. Жеке басына жасалған
зұлымдықтарды Хақ Тағала разылығы үшін ұмытып кетудің теңдессіз
үлгісін танытты.
***
Әбубәкір (р.а.) Мистаһ атты кедейге әрдайым көмек көрсететін.
Қызы Айша анамызға (р.а.) «ифк» уақиғасында жала жабылған еді.
Жала жапқандардың арасында оның да бар екендігін естіген Әбубәкір
(р.а.) екінші мәрте оған, әрі жанұясына жақсылық жасамайтындығына
ант етеді.
Көмек үзілгеннен кейін Мистаһ пен жанұясы бейшара халге түседі.
Осы уақиғадан кейін Хақ Тағала төмендегі мына аяттарды түсіреді:
«Сендердің араларыңдағы ізгілік пен молшылыққа ие болғандар
жақындарына, міскіндерге, Аллаһ жолында һижрет еткендерге инфақ
етпейміз деп ант етпесін! Ғафу етіп, кешірсін! Аллаһтың сендерді
кешіруінжақсыкөрмейсіңдерме?Аллаһ, аса кешірімді. Өте мейірімді»
(Нұр сүресі, 22-аят)
.
«Аллаһ атымен ант етіп, Аллаһтың есімін жақсылық жасамауға,
тақуа болмауға, адамдардың арасын жарастырмауларыңа кедергі