(
263
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
болғандығы соншалық, Аллаһ оған рақымдылық танытып қалың
көпшіліктен жасырын істеген күнәларын мойындатады. «Мына күнәңді
білесің бе? Ал мына күнәңді ше?» деп сұрайды. Мүмин: «Білмеймін, Раб-
бым» деп жауап береді. Аллаһ Тағала: «Мен бұл күнәларыңды дүниеде
жасырған едім. Бүгін кешіремін» дейді. Артынша оған жақсылықтары
жазылған амал дәптері оралған күйде беріледі»
(Бұхари, Тәпсір 11/4, Әдеп, 60,
Таухид 36; Муслим, Тәуба 52; ибн Мәжә, Муқаддима 13)
.
Аллаһтың Елшісі Мекке мүшриктерінің қаталдығы, қырсықтығы
және зұлымдықтарынан ұзақтап өзіне қолдау көрсететін адамдар іздейді.
Сондай үкілі үмітпен Тайфқа тағы туысқандарына бет алды. О бақытсыз
жандар Пайғамбарымызды (с.а.у.) қабыл етпеді. Пайғамбарымызға
(с.а.у.) жапа шектіріп қатты мұңайтты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтып
келе жатқанда көңілі мұңға толы еді. Аллаһ Тағала Жәбірейіл (а.с.) мен
бірге тау періштелерінжіберді. Періште не қаласа соны істейтіндігін, тіпті
қаласа олжақтағыекі таудытайфтықтардыңбасына тастапжіберетіндігін
білдірді. Ғаламға рақым нұры етіп жіберілген Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жоқ, мен Хақ Тағаланың олардың нәсілінен тек Аллаға құлшылық ететін
және оған ешбір нәрсені ортақ етпейтін жандар шығаруын тілеймін»
, -
деді
(Бұхари, Бәдул-Халық 7; Муслим, Жиһад 111)
. Аллаһтың Елшісі өзін тасқа
борап түрлі жамандықтар жасап қуып шыққан қауымды жоқ қылайын
деп әмірін күткен періштеге осылай деп жауап берген еді. Өйткені
Аллаһтың разылығы үшін кешіре білу оның ұлы қасиеттерінің бірі еді.
Бибі Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Аллаһтың Елшісі Аллаһ
жолындағы соғыстардан тыс басқа уақытта бір әйелге немесе қызметшіге
қысқасы, ешкімге қол көтермеген жан еді. Өзіне жамандық жасаған жан-
нан өш алмады. Алайда Аллаһтың тыйым салған әмірлері бұзылғанда,
ол тыйымды бұзғанда Аллаһ үшін өш алатын»
(Муслим, Фадаил 79; Әбу Дәуіт,
Әдеп 4; ибн Мәжә, Неке 51)
.
Бір бәдәуи екі түйесімен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітіне келген
еді. Аллаһ Елшісінің шапанын қатты тартып қалады. Шапанның жағасы
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мойынында қызарған із қалдырды. Кейін
бәдәуи түйелерін көрсетіп: «Ей, Мұхаммед! Мына екі түйеге жейтін
тағам жүкте. Маған өз мүлкіңнен немесе әкеңнің мүлкінен беріп тұрған
жоқсың», - деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) үш мәрте: «Жоқ өз мүлкімнен
беріп тұрғаным жоқ. Бұлай деп ойлаудан Аллаһқа сиынамын. Бірақ
мойынымды ауыртқаның үшін қысас жасамайынша (дәл солай етіп
өшімді алмайынша) түйелеріңе жүк артпаймын», - деді. Бәдәуи: «Жоқ,
уаллаһи қысас жасатпаймын», - деді. Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) қосқан
шартын үш мәрте қайталады. Алайда бәдәуи әр мәртесінде қысас
жасатпайтындығын айтты. Мұны естіген сахабалар орындарынан атып
тұрды. Сахабалардың бәдәуиді далаға лақтырып тастауынан сескен-
ген Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оларға қарап: «Сөзімді естігендер мен рұқсат