Previous Page  258 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 258 / 462 Next Page
Page Background

(

258

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жүзім жұлып, ақшасын орнына іліп кетіпті. Сол үшін сізге алғысымды

білдірейін деп келдім», - дейді.

Сұлтандереу іле-шала әлгі жауынгерді таптырып, жорықтыарықарай

жалғастыруына тыйым салады. Ол бұл әрекетке таң қалған шаруаға бы-

лай дейді.

«Жауынгердің халі жеңістің алғашқы қадамы! Егер әлгі жауын-

гер жүзімнің ақшасын тастап кетпегенде, бұл әскердің аты залымдар

әскері деп аталар еді. Әрі жауынгердің міндетті түрде басы кететін.

Ақшаны жүзімге іліп кеткендіктен, басын құтқарып қалды. Алайда

иесінің рұқсатынсыз мүлкіне қол сұққандықтан жорықты ары қарай

жалғастыруына тыйым салынды».

Сұлтан аталмыш сапардан қайтып келе жатқан болатын. Алды-

нан кәрі бір әйел шыға келеді. Сұлтанның атының тізгініне жармасып:

«Сенің үстіңнен шағым түсіремін», - дейді.

Сұлтан: «Кімге шағымданбақсың?» - деп сұрайды.

Әйел: «Сұлтаным! Иләһи сотқа шағымданамын. Өйткені сенің

әскерің біліп істеді ме, яки білмей істеді ме білмеймін. Әйтеуір егістігімді

таптап кетіпті. Бар егінім рәсуа болды», - деп жауап береді.

Сұлтан қатты мұңаяды. Ұнжырғасы түсіп, басы салбырап кетеді.

Көздері жасқа толып, көз жасына ерік береді. Артынша әйелдің көңілін

хош етіп, риза етеді. Кейін сапарын ары қарай жалғастырады.

***

Қанунидің қол астындағыларға танытқан әділеттіліктерінің бірі мы-

надай:

«Мысыр уәлиі Мехмет паша Стамбулға жіберілетін жылдық табы-

сты бір жолы мөлшерінен көп етіп жібереді. Мұны байқаған Қануни

уәлиді мақтап, мадақтаған жоқ. Керісінше ашуға мініп: «Апырмай!

Мына паша көзімізге түсу үшін Мысыр халқына ауыр міндеттер жүктеп,

осынша қаражатты жинады ма екен?! Бұлай болса, зұлымдық жасаған

екен», - дейді. Дереу пашаны Стамбулға шақыртады. Қануни пашаны

қатты тергеуге алады. Нәтижеде пашаның айтқан сөзедерін сырттай

қабылдағанымен, іштей көңілі толмады. Мысырдан келген қаржының

артығын көпір арқалықтарын жөндеу тәрізді қалың көпшілікке арналған

орындарға жұмсайды.

***

Ұзын сөздің қысқасы, зұлымдық қанша әсем көрінсе де соңы тастай

қараңғылық, әділеттілік қанша ауыр көрінсе де соңы нұрлы. Кез кел-

ген шақта, кез келген жерде барша махлұқатқа әділеттілік танытқан